Қысқы спорт • 26 Ақпан, 2018

Пхенчхан-2018: Дерек пен дәйек

320 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Тура он жеті күнге созылған Пхенчхан Олимпиадасы өз мə­ре­сіне жетті. Биылғы Олим­пия ойындары Сочи Олим­пи­адасынан да жоғары дең­гейде өтті деуге толық негіз бар. Оған XXIIІ қысқы Олим­пия ойындарының көрігін қыз­ды­руға 92 елден 2925 спортшы келгені, Сочидегіден 7 спорт сайысы мен 15 медаль жиынтығының көптігі, ал жа­рыс­­тар кезінде 20-дан аса Олим­пия­лық рекордтың тіркел­гені толық дəлел бола алады. Бүгін­де тари­хтың қойнауына енген бұл Ақ Олимпиадада ақыр­ғы сəтіне дейін қатысушы коман­да­лар топ басына таласты.

Пхенчхан-2018: Дерек пен дәйек

Спортшылардың жекелей ре­кор­дынан бөлек, норвегиялық сай­­ыпқырандар Пхенчхан Олим­пи­адасында медаль жиынтығы бойынша да рекорд орнатты.  14 алтын, 14 күміс және 11 қола жүлдеге қол жеткізген Викингтер елі жалпы саны 39 медаль иеленіп,  Ванкувер Олимпиадасында жалпы саны 37 (9-15-13)  медаль алған АҚШ-тың рекордын жаңартты. 

Пхенчхан Олимпиадасына қатыс­қан 2925 спортшының 91-і екі және оданда көп медаль жинады. Оның ішінде нор­вегиялық шаңғышы Йоханнес Клебо мен франциялық биатлоншы Мартен Фуркад үш рет Олимпиада чем­пио­ны атанды. Ал тағы бір нор­вегиялық шаңғышы Марит Бьерген осы Олимпия ойын­дарында ең көп медаль алған спорт­шы атанды. Бьергеннің өзі Норвегия құрамасына екі алтын, бір күміс және екі қола жүлде салды.

Биылғы Олимпиадада 30 елдің спортшылары жүлде­гер атан­ды. Бұл Сочи Олим­пи­ада­сымен са­лыс­тырғанда тө­рт елге көп. Сон­дай-ақ Пхен­ч­хан Олим­пи­ада­­сында 22 елд­ің спортшылары ал­­тын медаль жеңіп алды. Сөйтіп Сочи Олимпиадасының рекордын қай­талады. Ал медаль жиынтығы бой­ын­ша жалпы­командалық есепте Норвегия құрамасы топ бастады. Осынау ұлы көште Қазақстан спорт­шылары жалғыз қола медальмен 28-орыннан көрінді.

Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»