Қазақстан • 26 Ақпан, 2018

Үкіметте «Экспо-2017» нысандарын пайдалану мәселелері бойынша кеңес өтті

191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Астана Экспо-2017 халықаралық мамандандырылғар көрмесінің нысандарын көрмеден кейін пайдалану мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Үкіметте «Экспо-2017» нысандарын пайдалану мәселелері бойынша кеңес өтті

Кеңес барысында көрме аумағында инновациялық экожүйе нысандарын, оның ішінде «Астана» Халықаралық қаржы орталығын, Astana Hub, Халықаралық АТ университетін ақпараттық технологиялар, Халықаралық жасыл технологиялар орталығын орналастыру мәселелері қаралды.

Кеңесте «Астана Экспо-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Е.Шорманов, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары А.Мамин, «Астана» Халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қ.Келімбетов, білім және ғылым министрі Е.Сағадиев, ақпарат және коммуникациялар министрі Д.Абаев, Астана қаласының әкімі Ә.Исекешев сөз сөйледі.