Әлем • 26 Ақпан, 2018

Қытай: Си Цзиньпин 2023 жылдан кейін билікте қалуы мүмкін

636 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытай коммунистік партиясы Конституциядан Мемлекет басшысының 2 бесжылдықтан артық кезеңге сайлауға түсуге болмайтыны туралы ережені алып тастауды ұсынды, деп хабарлайды ВВС. 

Қытай: Си Цзиньпин 2023 жылдан кейін билікте қалуы мүмкін

Фото: BBC

Яғни, бұл ереже алынып тасталса, ҚХР қазіргі басшысы Си Цзиньпин 2023 жылы президенттік мерзім аяқталғаннан кейін де билік басында қалуға мүмкіндік алмақ. Бұған дейін де оның 2023 жылдан кейін билікте қалудың жолдарын қарастыратыны туралы ақпарат тараған болатын. 

2017 жылдың қазан айында партия съезінде Си Цзиньпин Мао Цзэдуннан кейінгі ықпалды басшы ретінде танылды. Сол кезде оның социализмді дамыту жолдары туралы идеясы Конституцияға енгізілді. 

Си Цзиньпин 1953 жылы ҚХР Коммунистік партиясының негізін салушылардың бірінің отбасында дүниеге келген. Ол партия мүшелігіне 1974 жылы қабылданды. Ал 2013 жылы партия төрағасы болды. 

Билік басына келген Си Цзиньпин экономикалық реформалар жүргізіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы кампанияны қолға алды. Сонымен қатар мемлекетте ұлтшылдық өршіп, азаматтық еркіндік азайды. 

Қытайда Президенттік мерзім 10 жылдан аспау керектігі туралы ереже 1990 жылғы Конституцияда бекітілген.