27 Ақпан, 2018

Елімізде блокчейн технологиясы мен криптоиндустрияның дамуына жағдай жасайтын жоба іске қосылды

735 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан экономикасының дамуына қосымша дем беретін, елімізде блокчейн технологиясы мен криптоиндустрияға қолайлы орта қалыптастырып, оның қарқынды дамуына жағдай жасайтын жаңа жобаның іске қосылуы жайлы айтылды. Жоба цифрлы технология саласындағы жаңалық болып табылады және Қазақстанда крипто-қоғамдастықтың өсуіне оң ықпал етпек. 

Елімізде блокчейн технологиясы мен криптоиндустрияның дамуына жағдай жасайтын жоба іске қосылды

Шараға қатысқан «Digital Network» СТКА президенті Олжас Муртазин блокчейн технологиясы кәсіпорын шығынын 50-ден 80 пайызға дейін үнемдеуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Digital Network» қауымдас­тығы жетекші ұйымдарды бірік­тіре отырып күнделікті өмі­р­ге цифрлы технологияларды енгізу арқылы оң нәтижеге жетуді көздейді. 2018 жылы біз алғашқы отандық крип­тобиржаның, тұңғыш заңды криптоайырбас­тау орталығының ашылуын жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар ұлттық компаниялар тарапынан блокчейн технологиясын енгізуде серіктестік күтілуде. Ал білім саласында «Атаме­кен» ҰКП-мен бірлесе отырып, криптоиндустрияға қатыс­ты кәсіпкерлерге білім беруді кү­шейтпекпіз. Криптоайырбастау орталығы мен биржа мәселелері бойынша Ұлттық банк төр­ағасы Д.Ақышевпен кездесу жос­парланған. Нақты жоспар­лар тізімі бекітілген. Крип­тоин­дустриядағы салық мәселесі бо­йынша Қаржы министрі Б.Сұл­­тановпен, бизнесте ІСО өткі­зу мәселелері бойынша «Ата­мекен» ҰКП басқарма төр­ағасы Т.Құлыбаевпен кездесулер жоспарланған. Сондай-ақ саладағы алаяқтық құрылымдарды, «пира­мидаларды» анықтауға үлес косып, мемлекеттік органдармен бірлесе отырып заңнамалық база­ны дайындауға атсалысу қарас­тырылған», деді ол.

Сонымен қатар Қазақ­стан экономикасында жа­ңа қызметтердің пайда болуы әлемдік қауым­дастық үшін де жетістік болатынын баяндап, бүгінгі таңда блокчейн техно­логиясын жасау­дағы үздік гер­маниялық компаниясының стра­тегиялық серіктесі Blockchain Consulting Group бірлесіп жұмыс істеп жатқа­нын жеткізді.

«Қазіргі таңда бұл компаниялар ұлттық компанияларға, Инвестициялар және даму ми­нистрлігіне, «Самұрық – Қа­зына» АҚ, «Байтерек», «СберБанк», тағы сол сияқты ірі мекемелерге цифрлы, өн­дірістік, қаржылық процестерге блокчейн техноло­гиясын енгізу бойынша өз қызметтерін ұсынып отыр. Өз кезегінде блокчейн технологиясы кәсіпорын шығынын 50-ден 80 пайызға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді. Ал Crowdsale Network адам өміріне сапалы әсер ете алатын, әлеуметтік маңызды жобаларды үнемі қолдап, іске асуына атсалысып отырады», деді «Digital Network» СТКА президенті Олжас Муртазин.

Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан»