Аймақтар • 27 Ақпан, 2018

Маңғыстауда жаңартылған білім беру мазмұны бойынша жасалып жатқан жұмыстар талқыланды

285 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Маңғыстау облыстық Білім басқармасының басшысы Зейнеп Тастемірова баяндады.

Республика бойынша барлық мектеп 2017 жылдан бастап  5 күндік оқу аптасына, 40 минуттық сабақ жүйесіне көшірілді. Жаңартылған білім мазмұны бойынша сабақ беретін педагогтардың 71 % (ҚР-52%) біліктілігін арттырды. Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңартылған білім мазмұнына көшірілген сыныптарға сабақ беретін 5066 (43%) мұғалім лауазымдық төлемге   30%  үстеме ақы алуда.           

Педагог мамандарды даярлайтын колледждердің оқу бағдарламаларына жаңартылған білім беру мазмұны енгізілді және биылдан бастап бітіруші студенттер дипломдарына қосымша сертификаттар алып шығады. Жаңартылған білім мазмұнына көшірілген сыныптардағы барлық оқушы оқулықтар және оқу-әдістемелік кешендермен толық қамтамасыз етілген.  Алдағы оқу жылында 3,6,8 сыныптардың оқулықтарын 100%  қамтамасыз ету мақсатында  облыс бюджетінен 2 027,95 мың теңге қаржы бөлінді.

- Жаңартылған білім мазмұны бойынша барлық оқушылардың   44% (ҚР-42%) білім алуда. Алдағы оқу жылынан бастап 3, 6, 8-сыныптар көшеді. Облыс әкімдігі мен Назарбаев Зияткерлік мектебі дербес білім беру ұйымдары арасындағы меморандумға сәйкес,  осы оқу жылында  213 әдістемелік көмек көрсетілді, - деді басқарма басшысы.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы