Аймақтар • 27 Ақпан, 2018

Қостанайда «Автоураган» жүйесі арқылы жол ережесінің үш мың рет бұзылғаны анықталды

215 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс орталығында 25 ақпанда сегіз «Автоураган» апппараттық-бағдарламалық кешені орнатылған болатын. Полицейлердің бұл жаңалығы жылдамдықты өсіруге қатысты ереже бұзушыларды сол сәтінде анықтап берді.

Қостанайда «Автоураган» жүйесі арқылы жол ережесінің үш мың рет бұзылғаны анықталды

«Автоураганды» іске қосысымен 2477 құқық бұзушылық анықталды. Олардың арасында 1092 құқық бұзушылықты Ресей Федерациясының мемлекеттік тіркеу нөмерімен жүрген жүргізушілер жасаған. Олардың ешқайсысы Қостанай полициясында тіркелмеген. Ресей Федерациясының мемлекеттік тіркеу нөмірімен жүргендердің барлығы «Автоураган» ақпараттық-бағдарламалық кешеніне жазылып алынды. Бұл автомобильдерді жедел ұстауға көмектеседі. Машиналар арнайы орынға қойылды. Осы жұмыстың нәтижесінде 21 машина ұсталды, 17 жүргізушіге әкімшілік іс қозғалды.

«Бұл шара жол ережесінің сақталуына аз да болса ықпалын тигізді. Ресейдің нөмірі ілінген машина жүргізушілеріне айыппұлды департаменттің бөліміндегі арнайы орталық анықтайды», дейді полиция полковнигі Асқар Наратауов. Сонымен РФ нөмірімен тіркелген көліктердің 41 жүргізушісі 245 533 теңге айыппұл төледі.

Нәзира ЖӘРІМБЕТ,
«Егемен Қазақстан»

Қостанай