Әдебиет • 07 Наурыз, 2018

Құрманғазы мекені (жаңа ән)

607 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Құрманғазы мекені (жаңа ән)

Әні: Шәміл Әбілтайдікі

Сөзі: Таңатар Дәрелұлынікі

 

Құрманғазы мекені,

Батыс қақпа деседі.

Шалқар айдын етегі,

Шалқып бақыт кешеді.

Төскей толы төрт түлік,

Балығы да жетеді.

Әлдиімен күйінің,

Өршіл ұрпақ өседі.

 

Қайырмасы:

Құрманғазы,

Құдыретті.

Жаһанды шарлап,

Дүбірің кетті.

Халқыңа мәңгі,

Нұрыңды септің.

Еркіндік аңсап,

Бүгінге жеттің.

 

Қалыптасқан достығы,

Ресеймен шынайы.

Биік аймақ шоқтығы,

Келісіп тұр шырайы.

Жұмекенді туған жер,

Дина әже де мақтаны.

Ер Исатай-Махамбет,

Ерлік рухын жаққаны.

Қайырмасы