Қазақстан • 08 Наурыз, 2018

Александр Смирнов: Жақсы білім – сенімді іргетас

511 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

 

Қазақстан басшысы Н.Ә.Назарбаев «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» Үндеуінде жоғары білім беру саласына қатысты көптен бері көпшіліктің ойында жүрген мәселені көтерді, соған байланысты тапсырмалар да берді. 

Александр Смирнов: Жақсы білім – сенімді іргетас

Президент атап өткендей, қазіргі кезде еліміздің жоғары оқу орындарында 530 мыңнан астам студент білім алып жүр. Олардың 30 процентке жуығы мемлекеттік грант бойынша оқуда. Бұл әр он студенттің же­теуі университеттер мен инс­ти­туттарда оқу ақысын өз қал­та­ларынан төлеп жүр деген сөз. Қазіргі заманда білім бола­шақ маманның бәсекелестікке қабі­леттілігін анықтайды. Себебі жақсы білім – сенімді іргетас. Ол жас адамның өз мүмкіндігін іске асырып, экономикалық жағ­дайын жақсартуға жол ашады.

Экономикалық тұрғыдан білімді, өз-өзіне сенімді жас­тар бүгінде және болашақта елі­­­мізге қажет. Ол үшін, әрине, маман өз өмірінің барлық саласын жаңғыртуы тиіс. Мемлекет басшысы Үндеуінде жаңа оқу жылынан бастап жыл сайын бөлінетін 54 мың мемлекеттік грантқа қосымша 20 мың грант бөлуді тапсырды. Оның 11 мы­ңы техникалық мамандықтар бойынша бакалаврлық білім беруге тиесілі болады. Сондай-ақ ол жаңа оқу жылында мем­ле­кеттік грантқа ие болатын сту­­дент-жастардың қатарын 37 про­центке арттырмақ.

Міне, бұл «Төртінші өнер­кәсіп­тік революция жағ­дайын­дағы жаңа экономикаға» сұра­нысқа ие болатын жаңа мамандар даяр­лауға мүмкіндік береді. Техно­логиялық серпілісте еңбек рыногында инженерлер, ақпа­рат­тық технология, робот-тех­ни­­касы, нанотехнология сала­­ла­рын­да маман-кадрлар ерек­ше сұ­­ранысқа ие болады. Сол се­беп­тен мемлекет жастарға мүм­­кін­­дігінше қолдау көрсетіп отыр.

Жоғары білім адами капиталды құрудың және дамыту­дың факторы екені белгілі. Осы мәселелерді Президент өзінің Қазақ­стан халқына жолдау­ларын­да да атап көрсетіп келе­ді. Жа­сыратыны жоқ, біздің елі­міз­де біліктілігі жоғары маман­дар тапшылығы проблемасы бар. Оның басты себебі оқу орын­­­дары түлектерінің орташа бі­лім дең­гейінің төмендігінде жатыр.

Бүгінде еңбек нарығында ақпараттық технологияны мең­герген, дарынды, болаша­ғынан зор үміт күттіретін мамандар­ға сұраныс ерекше жоғары. Мем­­­лекет басшысы, сондай-ақ жо­ғары оқу орындары мен кол­ледж­­дердің студенттерін жатақ­ханамен қамту мәселесі өте өзек­­ті екеніне де назар аудар­ды. Соған сәйкес 2022 жыл­дың соңы­на дейін студенттер­ге ар­нал­ған кемінде 75 мың орын­дық жаңа жатақхана салынады.

Александр СМИРНОВ,
«Суоми» карел-фин ұлттық-мәдени бірлестігінің төрағасы