Аймақтар • 13 Наурыз, 2018

Даниал Ахметов: Аягөзге 50 млн теңге бөлінеді

31 реткөрсетілді

Аягөз аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Жанат Қалиевтің айтуынша, Аягөздегі су кірген үйлер саны - 148, 8 үй мүлде жарамсыз болып қалса, 10 үй апатты деп танылған. 

Қазіргі уақытта аудан әкімдігі жанынан құрылған 4 топ шығын көлемін анықтап жатыр.

Облыс әкімі су басқан үйлердің тұрғындарымен кездесті. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов дәл қазір Аягөздегі су басқан үйлерді аралап, тұрғындармен кездесіп, пікірлерін тыңдап жатыр.

Аймақ басшысы тұрғындарға бірде-бір адам назардан тыс қалмайтынын, арнайы комиссия 10 күн ішінде тиісті шешім шығаратынын, баспанасы жарамсыз болғандарға қалада салынып жатқан 60 пәтерлі үйден үй берілетінін немесе жаңадан үй салынатынын жеткізді. Сонымен қатар, Аягөзге ертең 50 миллион теңге бөлінетінін де мәлім етті. Даниал Ахметовтің айтуынша, бұл қаржы Аягөздегі тасқыннан зардап шеккен тұрғындардың күнделікті қажетіне жұмсалады.

Азамат ҚАСЫМ, 
"Егемен Қазақстан"

Шығыс Қазақстан облысы, 
Аягөз ауданы

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар