Іс-шараға BI Group PR директоры Гаухар Керімова, BI University директоры Ольга Баспаева, BI Development даму бөлімінің бастығы Айбар Мұқанов және «Сана» ЖҚ «Жас Отан» үйлестірушісі Әйгерім Серікжанова қатысты.
«Біз одан әрі дамығанды, жаңарғанды қалаймыз, ең бастысы – біздің үйлерде қолайлы өмір сүруді қалыптастыру. Сондықтан BI Group компаниясы «Астанаға 20 жыл – 20 игі іс» корпоративтік мерекелік бағдарламасы аясында біздің тұрғын үй кешендердің сапасын арттыру бойынша «Happy StartUp» конкурсын жариялады, деп атап өтті Гаухар Керимова.
Сонымен қатар ол конкурсқа жастық ерекшелігіне, тұрғылықты орнына, мамандығына қарамастан Қазақстан Республикасының кез-келген азаматы қатыса алатындығын мәлімдеді.
«Сіз тек, біздің өнімнің сапасын жақсарту бойынша бір немесе бірнеше идеяңызды ұсынып, http://bi-group.org/happystartup сілтемесі арқылы өтінішті толтырып, өз жеңісіңізге сенсеңіз болғаны! Ең үздік идеялар компания стандартына енгізіледі және ақшалай сыйлықтармен марапатталады, сондай-ақ 10 финалист BI University-де өткізілетін тренингтерге сертификат алады. BI Group барша қауымды біз өмір сүріп жатқан қоршаған әлемге, үйлерімізге сүйіспеншілікпен қарап, көршілерімізді құрметтеуге, мейірімді болуға шақырады», деді BI Group компаниясының PR директоры Гаухар Керімова.
Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан»