Әлем • 13 Наурыз, 2018

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы қызметінен босатылды

341 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік хатшысы ауысатыны белгілі болды. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп Twitter парақшасында хабарлады.

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы қызметінен босатылды

«Орталық барлау басқармасының директоры Майк Помпео біздің жаңа мемлекеттік хатшы қызметіне тағайындалады. Ол керемет жұмыс атқарып келеді! Рекс Тиллерсонға қызметі үшін алғыс білдіремін! Ал Орталық барлау қызметінің жаңа директоры Джина Хаспел болады. Ол бұл қызметтегі алғашқы әйел адам болып отыр», деп жазды Дональд Трамп.

Айта кетейік, Джина Хаспел осыған дейін Майк Пампеоның орынбасары қызметін атқарған.