Қысқы спорт • 14 Наурыз, 2018

Қазақстандық спортшы Паралимпиададан алтын медаль жеңіп алды

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық спортшы Пхенчханда өтіп жатқан Паралимпиададан алтын медаль жеңіп алды.

Қазақстандық спортшы Паралимпиададан алтын медаль жеңіп алды

Шаңғы спортынан 1.5 километрлік спринт жарысына қатысқан Александр Колядин қашықтықты  4:19.7 минутта бағындырып, мәреге бірінші жетті.

Екінші орын жапониялық Йоширо Ниттаға бұйырса, қола жүлдені Марк Арендц місе тұтты. Айта кету керек, А.Колядин Қостанайдың тумасы. Ол 2012 жылдан бері Қазақстан чемпионатына қатысып келеді.