Қазақстан • 20 Наурыз, 2018

Бес әлеуметтік бастама – жағдайды жақсартуға бағытталған үлкен қадам

361 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Нұр­сұлтан Назарбаевтың жаңа әлеу­меттік бастамаларында кө­кей­тесті мәселелердің қамтылған­дығына көз жеткіздім. Оның ішін­де солтүстік өңірлерді газдан­дыру мәселесіне ерекше тоқ­тал­ғым келеді.

Бес әлеуметтік бастама – жағдайды жақсартуға бағытталған үлкен қадам

Шындығында, біздің елдің шикізат қоры мол екені мәлім. Елі­міз тәуелсіздік алғалы бері газ өн­діру 6 еседен аса өсті, бұл көрсет­кіш арта беретіндігі де күдік ту­дырмайды. Ал газдандыру тек 50 пайызға ғана жетті. Елбасы­ның өзі орталық және солтүс­тік облыстардың әлі де газсыз отырғандығын атап өтті. Бұл олқы­лықтың орнын толтыру үшін Президент Қараөзек – Жезқазған – Қарағанды – Теміртау – Астана бағытымен магистралды газ құ­бырын тарту туралы бастама көтеріп отыр. Бұл – жаңа жұ­мыс орындарының ашылуына, кәсіп­керліктің өркендеуіне де ықпал ететін жоба. Енді көгілдір отын­ның біздің Көкшетау қаласына да жететіндігіне шүбә келтірмеймін.

Елді газдандырудың эколо­гия­лық маңыздылығына да ерекше тоқталған абзал. Газбен жылыту жүйесіне көшу қалалар мен елді мекендерді артық ластанудан құтқарады. Президенттің айтуынша, тек Астананың өзінде ауадағы зиянды қалдықтар 6 есеге азайғалы отыр.

Газдандыру ауылдан үдере көшушілерге де тежеу болып, елді мекендерде агроөндірістік кешенді дамыту бағдарламасы бойынша азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге де ықпалын тигізері сөзсіз.

Бір сөзбен айтқанда, Прези­денттің бес әлеуметтік бастама­сы әлеуметтік мемлекетті қалып­тас­тыруға және Қазақстан хал­қы­­ның әл-ауқатын арттыруға бағыт­­талған үлкен қадам деп есеп­теймін.

Әбілжан ХҰСАЙЫНОВ,
Ақмола облысының қоғамдық кеңес мүшесі, «Ауыл» ХДПП» ҚБ Ақмола облысы бойынша төрағасы

КӨКШЕТАУ