Қазақстан • 21 Наурыз, 2018

Елбасы Үндеуі сол­түс­­тік­қазақстандықтар тарапынан зор қолдау тауып отыр

273 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елбасының «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» ат­­ты халыққа Үндеуі сол­түс­­тік­қазақстандықтар та­­ра­пынан да зор қолдау тауып отыр.

Елбасы Үндеуі сол­түс­­тік­қазақстандықтар тарапынан зор қолдау тауып отыр

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Елбасы еліміз­дің дамуын одан әрі ілге­рілететін, халықтың әл-ауқаты мен өмір сапасын жақсартатын есеп-қисабы мұқият жасалған ұсыныстарын жариялап, үдемелі жаңғыру жолын белгілеп берді.

Ауқымды бағдарлама бес әлеу­мет­тік саланы қамтып, күр­меуі қиын күрделі мәселелерді ше­шудің басты бағыттарын ай­қындап берді. Бірінші бастамада әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктері нақты қа­рас­тырылып, «7 – 20 – 25» бағ­дар­ламасы ұсынылды. Енді ол бойынша әрбір қазақстандық үшін қолжетімді пәтерге қол жет­кізудің мүмкіндігі артары сөз­сіз. Облыс орталығының өзін­де ғана 13 мыңға жуық адам үй­ кезегінде тұр. Соңғы жылдары­ «Нұрлы жол» бағдарламасы шең­­­­берінде құрылыс индус­трия­сын дамытуға баса мән бе­рі­ліп, тек биылдың өзінде 1660 пәтерге лайықталған 15 үй тұр­ғызылады. Олардың 400-і көп балалы аналарға, жарымжан жан­дарға беріледі. 

Жаңа шағын аудан­дар бой­ көтерді. Құрылыс сала­сына­ жа­ңа технологияларды енгізу­дің нәтижесінде жылына 200-220 мың шаршы метр тұрғын үй­ салынады. Бұл көрсеткіш ал­дыңғы жылдарға қарағанда 20-25 пайызға көп. Президент ұсынған айрықша әлеуметтік маңызы бар бағдарламаны жүзеге асырудың нақты тетіктерінің қарастырылуы арқасында ипотекалық баспанаға деген сұраныстың арта түсері сөз­сіз. Бұл, әсіресе, баспанаға мұқтаж адам­дар үшін үлкен жеңілдік.

Мемлекет басшысы атап өт­кендей, өзін-өзі еңбекпен қам­ты­ған және жұмыссыз тұр­ғын­дардың арасында жаппай кә­сіп­керлікті дамыту үшін ат­қа­рылып жатқан жұмыстардың шең­­берінде жеңілдетілген шағын не­сиелер беру неғұрлым тиімді тетік саналады. Былтыр өңірде 30714 адам жұмысқа орналас­тырылып, жаңадан ашылған жұ­мыс орындарына 13492 адам тар­тылды. Араларында шағын не­сие алып, өзгелерге жұмыс тауып берушілер аз емес. Бұл са­лаға еліміз бойынша қосымша 20 миллиард теңге бөлінуі ауыл­дықтар үшін айрықша маңызды. Өйт­кені тұрғындардың басым көпшілігі ауылдық елді ме­кен­дерде тұ­рады. Сондықтан олар­дың нақ­ты істермен айналысуы бі­рінші кезекте қаржылық қол­дау­ды қажет етеді. Биыл 27 мың жұмыссыз бен өзін-өзі жұмыспен қамтушыға жан-жақты көмек көрсетіледі.

Владимир БУБЕНКО,
облыстық мәслихаттың
хатшысы

Солтүстік Қазақстан облысы