Кастамону мэриясы мен ТҮРКСОЙ ұйымдастырған мерекелік кешке Түркия Республикасының премьер-министрі Бинали Йылдырым, премьер-министрдің орынбасары Реджеп Актаг, Түркия мәдениет және туризм министрі Нуман Куртулмуш, ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Кастамону провинциясының губернаторы Яшар Карадениз, Түркияның ұлы жиналысы депутаттары, дипломатиялық миссия өкілдіктері, қоғамдық ұйым және БАҚ өкілдері қатысты.
Басхатшы Дүйсен Қасейінов өз сөзінде Кастамону тұрғындарының мәдени астана дәрежесін мақтанышпен қабылдағанын, ежелгі тарихы мен бай мәдениеті бар қаланың бұл атаққа лайық екенін атап өтті. Салтанатты кеш мерекелік концертке ұласты. Онда Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Түркіменстан, Ресейдің Алтай, Башқұртстан, Саха, Дағыстан, Бурятия аймақтарынан келген әртістер мен шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті.