Д. Қалиев 1990 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Благовещенка ауылында туған. 2011 жылы Малайзияда Ақпараттық технология университетін бітіріп, халықаралық бизнес менеджменті мамандығын алып шыққан.
Еңбек жолын «Атамекен одағы» ұлттық экономикалық палатасында сарапшылықтан бастаған. Одан кейін «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасында шағын және орта бизнесті дамыту департаментінде еңбек еткен.
Жаңа басшыны облыстық кәсіпкерлер палатасы кеңесінің төрағасы Владимир Богданов таныстырды.
«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары Олжас Қаржауов алда тұрған міндеттерді айқындап, бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Өмір Есқали,
«Егемен Қазақстан»
Солтүстік Қазақстан облысы