24 наурыз түнгі сағат 01:26 шамасында Есіл ауданы аумағында «Жақсы-Есіл-Бұзулық» тас жолының жабылуына байланысты «Астана - Рудный» бағытындағы жолаушылар автобусында болған 26 жолаушы, оның 10 бала құтқарылды.
Жолаушылар Есіл қаласындағы №7 агротехникалық колледжге жеткізілді. «Құтқару жұмыстары аймақтық ТЖД жеке құрамынан 1 адам жəне 1 арнайы техника, жергілікті атқару органдарының 1 қызметкері мен техникасы жұмылдырылды», - деді Руслан Иманқұлов.
Сонымен қатар, ол Астрахань ауданы аумағында «Екатеринбург -Алматы» тас жолының жабылуына байланысты «Астана-Старый Колутон» бағытында жүретін «Газель» жолаушылар шағын автобусы 14 жолаушысымен қауіпсіз жерге (№4 Жалтыр ОМ) жеткізілгенін де атап өтті. Бұған дейін хабарлағанымыздай, синоптиктер 23-24 наурыз күндері Ақмола облысы аумағында көктайғақ, қатты жел болатындығы туралы ескерткен болатын.