Қазақстан • 25 Наурыз, 2018

Шемонаиха ауданында 107 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді

285 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін түске таяу Шемонаиха ауданында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланғаны белгілі. Облыстық Төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі 107 адамның (оның – 12-сі бала) су басқан үйлерден шығарылып, бір бөлігі елді мекендегі орта мектепке орналастырылғанын, бір бөлігі туыстарының үйін паналап отырғанын хабарлады.

Шемонаиха ауданында 107 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді

Қазір ауданда жеке құрамның 50 адамы мен 11 техника жұмыс істеуде. Облыс орталығынан МИ-2 тікұшағы мен «Востокврзывпром» мекемесінің қызметкерлері көмекке жөнелтілген. 

Департаменттің баспасөз қызметінің таратқан мәліметтеріне сүйенсек, Үбі өзеніне таяу маңда орналасқан 40 үй мен 12 аула аумақтарын су басқан.

Азамат ҚАСЫМ,
«Егемен Қазақстан»
Шығыс Қазақстан облысы,
Шемонаиха ауданы
Суреттер облыстық Төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметінен алынды