Халайық, қарасаңыз бұл қазаққа,
Боласыз таң-тамаша кіл ғажапқа.
Қазақтың ақ кимешек әжесінің
Көңілі ұқсамай ма гүл абатқа?!
Ақ әже қазағымның бақ-таланы,
Ақ пейіл, адал сырын ақтарады.
Жүз жылда өзгермеген өңіменен
Наурыздың нақышына шаттанады.
Қорғанбек АМАНЖОЛ,
Жоба авторы Айдарбек ҒАЗИЗҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»