Жеңіл атлетика • 26 Наурыз, 2018

Зарина Диас – ширек финалда

64 реткөрсетілді

АҚШ-тың Майами қаласында өтіп жатқан теннистен қыз­дар арасындағы Miami Open халықаралық турниріне Қазақ­станның бірінші ракеткасы Зарина Диас та қатысып жатыр.

Кеше отандасымыз жүлде қоры 8 миллион долларды құрайтын жарыстың төртінші айналымына шықты. Диас екі сағатқа жалғасқан үшінші айналымда германиялық Карина Уитхофты (әлемнің 57-ракеткасы) жеңді. Бұл кездесуде Зарина қарсыласына қарағанда сауатты ойын көрсетіп, жеңіске әбден лайық екенін көрсетті.

Кездесудің бірінші сетінде Қа­зақстандық теннисші гер­мания­лық қарсыласынан 4:6 есебімен жеңіліп қалды. Екінші сетте де Диас Карина Уитхофқа 4:5 нә­тижесімен есе жіберіп жатқан. Алайда ақылы мен күшін бір арнаға тоғыстыра білген жер­лесіміз германиялық теннис­шіден жеңісті жұлып алды. Есеп – 7:5. Екінші сетте Зари­на оң аяғынан жарақат алып, меди­циналық көмек алуға мәж­бүр болды. Дегенмен дәрігерлер отандасымызға дер кезінде қа­жетті емді қолданып, оған жарыс­ты жалғастыруына болатынын айтты.

Ал үшінші сетте Диас Уит­хофқа еш мүмкіндік қалдырмай, 6:0 есебімен айқын ұтып, бұл сетті де өз пайдасына шешті. Гер­маниялық теннисші дәл және анық соққы жасағанымен, За­рина оның шабуылдарына тойтарыс беріп отырды. Ойын­дағы қорытынды есеп – 4:6, 7:5, 6:0.

Бұл екі теннисшінің өзара екінші рет кездесуі. Бұған дейін Зарина Диас пен Карина Уитхоф 2016 жылдың мамыр айында Францияда өткен French Open турнирінің алғашқы кезеңінде жолыққан. Ол ойында да отандасымыз 2:6, 6:4, 6:2 нәтижесімен жеңіске жеткен болатын. Екі теннисші арасындағы жеке кездесу бойынша Зарина Диас 2:0 есебімен алда тұр.

Зарина Диас Miami Open турнирінің екінші айналымында «Үлкен дулыға» турнирінің екі жарысын жеңіп алған (2004 жылғы АҚШ Ашық чемпионаты мен 2009 жылғы Франция Ашық чемпионаты) ресейлік теннисші Светлана Кузнецованы жарыс жолынан шығарып жіберді. Екі сетке созылған ойында Зарина Диас қарсыласынан 6:1, 6:3 есебімен басым түскен-ді. Айта кетейік, қазіргі таңда Кузнецова әлемнің 37-ракеткасы. Ал бірінші айналымда жерлесіміз америкалық Джениффер Брэдиден (әлемнің 80-ракеткасы) 7:5, 7:6 есебімен басым түскен.

Енді Зарина Диас бүгін Mia­mi Open турнирінің ширек фи­налында әлемнің алтыншы ра­кеткасы чехиялық Каро­лина Плишковамен ойнайды. Жеңіске жеткен теннисші ширек финалға шығады. Майамидегі жарыс 1 сәуірде аяқталады.

Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Балқаш қол бұлғайды

Туризм • Кеше

ҰБТ тапсырушыларға кеңес (видео)

Қазақстан • 18 Маусым, 2019

Мишель Платини тұтқындалды

Футбол • 18 Маусым, 2019

Ұқсас жаңалықтар