Кездесуге қазақстандық тараптан «Астана» Халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов те қатысты.
Конституциялық Кеңес төрағасы шетелдік серіктестерін Қазақстанда өткен жылы жүргізілген конституциялық реформаның негізгі ережелерімен, атап айтқанда, «Астана» Халықаралық қаржы орталығының қызметіне қатысты ережелермен таныстырды.
Өз кезегінде, Марк Биир мырза және оның әріптестері қазақстандық делегацияны Дубай Халықаралық қаржы орталығының, сол жерде құрылған Дауларды шешу жөніндегі органның және Құқық академиясының қызметі туралы хабардар етті.
Кездесуді қорытындылай келе, әңгімелесушілер аталған қаржы орталықтарында инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелерінде одан әрі ынтымақтастықты жалғастыру және тәжірибе алмасу туралы уағдаласты.
«Егемен-ақпарат»