Қазақстан • 29 Наурыз, 2018

Сыбай­лас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті

294 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбді­қалықованың төрағалық етуімен Қазақ­стан Президенті жанындағы Сыбай­лас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комис­сияның отырысы өтті.


Сыбай­лас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Жиында 2015-2025 жылдарға арналған Сы­байлас жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыру жөніндегі 2015-2017 жыл­дардағы іс-шаралар жоспарының орындалу нәтижелері, сондай-ақ мемлекеттік кіріс органдарындағы жемқорлыққа қарсы әрекет бағытында қабылданып жатқан шаралар қаралды.

Отырысты ашқан Г.Әбдіқалықова Ел­ба­сы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан хал­қына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында жемқорлықтың алдын алу күресі жалғаса беретіні туралы айтқан сөзін атап өтті. Мем­лекеттік органдардағы үдерістерді, соның ішінде олардың халықпен және бизнеспен қарым-қатынасын цифрландыру маңызды болып саналады.

«Жалпы алғанда, қабылданған шаралар Transparency International-дың сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінде Қазақ­станның тоғызыншы орынға көтерілуіне мүмкіндік береді», деді Мемлекеттік хатшы.

Г.Әбдіқалықованың айтуынша, өткен үш жылда әкімшілік кедергілерді айтарлықтай азайтуға, тұрмыстық сипаттағы сыбайлас жемқорлықты бәсеңдетуге, мемлекеттік органдар ашықтығын арттыруға қол жеткізілді.

Сонымен қатар жиында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттік пен Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің баяндамалары тыңдалды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы страте­гия­ны жүзеге асыру бағытындағы 2015-2017 жылдардағы іс-шаралар жоспары бо­йынша 63 іс-шара атқарылды. Соның ішінде 4 жаңа заң, 20 нормативтік-құқықтық акт әзірленіп, 8 ақпараттық жүйе іске қосылды. Бұдан бөлек, 36 ұйымдастыру іс-шарасы өткізілді. Қазақстанның 2025 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспары ескеріле отырып әзірленген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыру бағытындағы 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілу кезеңінде.

Комиссия отырысының қорытын­ды­сында Мемлекеттік кірістер комитетінің ішкі қауіпсіздік бөлімшелерінің жұмы­сын жандандыру, қарауындағы қызмет­кер­лерінің жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылығы үшін басшылардың жауап­кер­шілігін арттыру, жемқорлық қатерін азайту үшін цифрлы технологияларды енгізу жөнінде тапсырмалар берілді. 

Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»