Аймақтар • 29 Наурыз, 2018

Қарағандыда Наурыз тойы жалғасуда

423 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Кеншілер астанасында тойланған биылғы Наурыз мейрамы мағыналы шараларға толы болды. Мысалы, той өткен орталық саябақ жеті бірдей тақырыптық аймаққа бөлініп, халықтың мерекелік көңіл күйінің жоғары, тойдан алған әсерлерінің алуан түрлі болмағына жан-жақты жағдай тудырды.


Қарағандыда Наурыз тойы жалғасуда

Наурыз тойында қазақ хал­қының бағзы замандардан келе жатқан салт-дәстүріне мейлінше басымдық берілді. Бұл театрландырылған қойы­лым негізінде ұйымдас­ты­рылған шараға 500-ден астам адам қатысты. Олардың бас­та­уында Сәкен атындағы қа­зақ драма театрының әр­тіс­тері жүрді.

Мерекелік шараға қа­тыс­қан өңір басшысы Ерлан Қо­ша­нов қала тұрғындары мен қонақтарына Ұлыс оң­ болсын айтып, өзінің жа­ңа­­жыл­дық жүрекжарды тілек­терін жеткізді.

Жалпы, биылғы Наурыз тойында жұртшылық, әсіресе өзге ұлт өкілдері арнайы ті­гіл­ген киіз үйлерге кіріп, он­­­да­ғы халықтың қолөнер туын­­дыларымен, ұлттық та­ғам түрлерімен жақынырақ таны­суға мүмкіндік алды. Сон­дай-ақ олар наурыз көженің дәмін татып қана қоймай, қалай дайындалатынына да қатты қы­зығу­шы­лық ­танытты.

Былай қарасаңыз, жылда қайталанатын үйреншікті көрініс­тер. Дегенмен салт­­дәс­­түр­ді, ұлттық құнды­лық­­­та­рымызды осылайша­ насихаттай бергеннен ұтыл­масымыз анық. Оның үсті­не, Наурыз тойы мұндай мүм­кіншіліктерге жолды кеңінен ашып беріп жүр. Наурыз мейрамында ұлтымыздың «Бе­сікке бөлеу», «Тұсауке­сер», «Қыз ұзату» сынды жөн-­­жоралғыларын көр­­ген өз­ге ұлт өкілдерін былай­ қой­­­­ғанда, қалада өс­кен қа­ра­көз­­деріміздің өзі ұл­ты­мызды ұлық­тайтын құн­­ды­лықтар ту­ралы мол мағ­лұмат алғаны сөз­сіз еді.

Мерекелік шара спорттық жа­рыстарсыз жетімсіреп қа­лар еді. Биылғы Наурыз мейрамында да спортшы қыз-жігіт­тердің өнеріне барынша құрмет көрсетілді. Шығыс жекпе-жегі түрлерінен, таек­вандо, каратэ, самбо­ спор­ты бойынша олар көрсет­кен­ қойылым жұрттың ыс­тық ықыласына ие болды. Шах­мат, дойбы және тоғыз­құ­малақ жарыстары да тартыс­ты өтті.

Мерекелік көңіл күйдің ажарын Алматыдан арна­йы келген эстрада ән­шісі Бақыт Шадаеваның орын­дауын­дағы тамаша әндер тіпті әрлендіре түсті. Жер­гілік­ті өнерпаздардың ұйым­дастыруымен өткен шағын кон­церт те жұрттың көңілінен шық­ты.

Қарағандыдағы сияқты об­лыстың барлық өңірінде Наурыз мейрамы өз дәре­же­сінде тойланғанын айта кеткен жөн. Кей жер­лер­дегі ауа райы­ның қо­лай­сыздығына қара­мастан, алты ай қыстан ығы­ры шы­ғып, көктемді асы­ға күткен ағайын мереке кө­рі­гін ба­рын­ша қыздыруға ат­­са­лыс­ты. Облыстың қа­ла­­лары мен аудандары, ауыл­дары биылғы Наурыз тойын барынша қызықты, жи­нақы және ысырапсыз өт­кізуді алдарына міндет етіп қойды. Бұл жерлерде де ұлт­тық салт-дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрыптарымыздың ұлық­талуына баса көңіл бөлінді.

Жалпы, биылғы Нау­рыз мейрамына өзге ұлт өкілде­рінің де белсене қа­тысып, тойдың жалпы­ха­­лық­тық сипат алуына­ барын­ша ықылас танытқаны сүйсінтті. Біле білген адамға бұл – елі­міздегі береке-бірліктің бүгінгі күн­дегі боямасыз шындығы, шынайы бет-бей­несі.

Наурыз тойы үстіндегі шат-­шадыман көңілді облыс­ орталығында көптен бері баспана күтіп жүрген тұр­ғындардың қуанышы еселей түсті. Қаладағы «Панель-­Ор­та­­лық» тұрғын үй кеше­нінде пайдалануға берілген 192 пәтер иелерін тапты. Баспанаға ие болып, бақыттан басы айналған тұрғындардың алғашқыларына облыс әкімі Ерлан Қошанов кілтті өзі тапсырып, теледидар сыйлады. Тұрғындарды әз-Наурызбен құттықтап, әр шаңыраққа қуаныш пен бақыт тіледі.

Бұл пәтерлердің бой кө­теруі «Тұрғын­үйқұрылыс­жинақ­банкі»­ және «Нұрлы жер» бағдар­ламалары арқа­сын­да мүмкін болған еді. Ал­ғашқы болып баспанаға кезекте тұрғандар қол жет­кізді. Одан кейін банк салымшылары қоныс тойын той­лады.

Қайрат ӘБІЛДА,

«Егемен Қазақстан»

Қарағанды облысы

Суретті түсірген Линар ГАЛИМОВ