Аталған жұмысты жүйелеу мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінде өңірлік комиссияның алғашқы отырысы өтті.
Конкурс өңірлік деңгейде алғаш рет өткізілуде. Комиссия төрайымынан және 8 мүшесінен тұратын өңірлік комиссия конкурсқа қатысуға өтініш білдірген 27 үміткердің құжаттарымен және конкурстық комиссия жұмысының ережесімен танысты. Сонымен қатар, комиссия мүшелері тестілеуден кейінгі комиссия мүшелерінің жұмысын, үміткерлерді іріктеуде ден қойылатын мәселелерді қызу талқылады.
Конкурсқа қатысуға барлығы 27 үміткер құжат тапсырды. Лауазымдары бойынша 16 үміткер басқарма, бөлім басшылары, 11- бас мамандар. Үміткерлердің барлығы жоғары білімді, оның ішінде 14 үміткердің 2 және одан да көп жоғары білімі бар, 5 үміткердің магистр атағы бар. Жас ерекшеліктеріне қарай 25-30 жас аралығында – 8 үміткер, 30-40 жас аралығында – 15 үміткер, 40 - 50 жас аралығында – 4 үміткер.
Отырыс барысында конкурсқа қатысуға үміт білдірген 27 үміткер жөнінде слайдтық көрсетілім арқылы қысқаша мәлімет берілді. Құжат тапсырған үміткерлердің арасында «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Ноттингем университетін тамамдаған және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын тамамдаған мемлекеттік қызметшілердің бар болуы қуантарлық екені атап өтілді.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
Маңғыстау облысы