Қазақстан • 30 Наурыз, 2018

Астанада қайырымдылық шарасы өтті

350 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласы Қазақстан хал­қы Ассамблеясының Нау­рыз ме­рекесіне арналған жыл­ сайынғы қай­ырымдылық іс-шарасы Астана қаласы әкімдігінің «Ш­а­ра­пат» әлеуметтік қызмет көр­се­ту орталығы» коммуналдық мем­лекеттік мекемесінде болып өтті.

 

Астанада қайырымдылық шарасы өтті

Аталған іс-шараның жо­ғары дең­гей­де өткізілуіне Астана қаласы Қа­зақ­стан хал­қы Ассамблеясы мен Ас­тана қаласы әкімдігі жа­нындағы «Қо­ғамдық ке­лісім» коммуналдық мем­­лекеттік мекемесі белсенді түрде ат­салысты.

Қайырымдылық іс-шарасы өткен ме­кеме­де қоз­ғалу мүмкіндігі шек­теу­лі және түрлі қиын жағ­дайларға тап бол­ған адамдар тұрады. Қоғам тара­пынан оларға мейірімділік шуағы мен жүрек жылуын сыйлау әрдайым маңызды.

Мерекелік кештің басында сөз сөй­леген Астана қаласы Қазақстан халқ­ы Ассамблеясы хатшы­лы­ғы­ның мең­герушісі 
Л. Құ­сай­ы­нова Наурыз ме­реке­сі­­нің мән-мағынасы мен қай­­ы­рымдылық шарасының ма­ңызы туралы жан-жақты ай­тып берді.

Жыл басы Наурыз мере­ке­сін ұйым­дас­тыру қай­ырымдылыққа ба­ғы­т­­тал­ған әрі ұрпақтар са­бақтастығын жаңа қы­рынан таныту болып табылады. Нау­рыз – береке мен тыныштықтың ны­­шаны. Бұл күні адамдар бір-бі­рін кешіріп, жаңа өмірдің кезеңіне қа­дам басады. Осылайша, ерекше си­паттағы ұлттық мереке Қазақстан хал­қының бірлігін одан әрі нығайтып, қо­ғамдық ұйымдар мен мемлекеттік органдардың өзара ынтымағын тағы бір мәрте арттыра түсті. 

Аталған іс-шараға Ас­та­на қала­сының этно­мә­­­дени бірлестіктері қа­­ты­сып, жиналған жұ­рт­­шы­­лыққа кон­це­рт­тік бағ­­дар­ла­ма­сын ұсынды. Ас­тана қа­ла­сы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Астана қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ атынан «Ша­рапат» әлеуметтік қызмет көрсету ор­талығының тұр­ғындарына сый-сияпат жасалды.