Полицейлердің мәліметінше қазір азаматтардың жаппай улануы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 304-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.
«Шымкент қалалық ІІБ әл-Фараби полиция бөліміне жұқпалы аурулар ауруханасынан 41 адам балмұздақтан уланғаны туралы хабарлама келіп түсті. Аталған жайт әл-Фараби полиция бөлімінде сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне «санитарлық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу» бойынша тіркелді. Сараптама тағайындалды. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтауда», делінген хабарламада.
Еске салайық, кешеден бері Шымкент қаласында балмұздақ сататын бір орыннан тәтті жеген 40-тан астам адам облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына өткір ішек инфекциясымен түсті.