Қазақстан • 04 Сәуір, 2018

Қой еті Қытайға экспортталатын болды

966 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Орталық коммуникациялар қызметінде «Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстаннан қой етін Қытайға экспорттауға жол ашты» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті.

Қой еті Қытайға экспортталатын болды

Іс-шараға Ауыл шаруа­шы­лығы министрлігі Вете­­ри­нар­лық ба­қылау және қада­ғалау коми­теті төрағасы­ның міндетін ат­қа­рушы Тұрсын Қабул­данов қаты­сып, ми­нистрлік Мемлекет бас­­­­шы­сы­ның тап­сырма­сын орын­дау ая­сын­да отандық өнім­дер­ді ілге­­рі­ле­ту және тауар­­ла­р-
­­ды ха­лық­­аралық нарық­тар­­ға шығару мақсатында стра­те­гиялық іздеу жұ­мыс­тарын жалғастырып отырғанын жет­кіз­ді.

«Ауыл шаруашылығы ми­­нистрлігі мал шаруа­шы­лығы өнімдерін экспортқа шығару бағытында кешенді жұмыстар атқаруда. Оның ішінде көршілес Қытай еліне экспортқа шыға­ру мә­селелері қарас­тыры­луда. Қытай Халық Рес­пуб­­ликасының сапа бақы­лау және карантин бас­қар­­масының сайтында Қазақ­станның 9 облысы­нан ҚХР-ға мұздатылған қой етін им­порттауға ресми ше­шім қабыл­дан­ған ақпарат шық­­ты. ҚХР-дан 2017 жылы Қазақ­стан­ның 5 кә­сіп­орны инс­пекция жаса­лып, тек­серіліп, олар Қытай Ха­лық Республикасы­ның ре­ест­ріне енгізілген. Бүгінгі күні Қа­зақ­станның 9 облысынан 5 кә­сіп­орын арқылы Қытайға қой­­дың мұздатылған етін экс­порт­­тауға жол ашылды», деді Т.Қабулданов.

Қытай Халық Респуб­ли­ка­сына мұздатылған қой етін экс­порттайтын 9 облыстың ішінде   Қарағанды, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Павлодар, Қостанай о­блыс­тары бар. Аталған аймақ­тар аусыл ауруларына қарсы вакцина егілмейтін таза өңірлер болып саналады.

«Сонымен қатар Иран елі­мен де хаттама толтырылған. Ве­те­ринарлық сертификаттары келісілген. Былтыр ол елге 4800 бас қой тірідей жөнел­тілді. Жә­­не Сауд Арабия­сы­мен де ке­лі­сім шаралары жүр­гізіліп, өт­кен жылы Бірі­к­кен Араб Әмір­лік­теріне 3400 бас қой тірідей экспорт­талды. Оның сыртында осы елге сиыр мен қой еті де жөнел­тілді. Сондай-ақ Қытай елі­не бірінші рет 2017 жылдың жел­тоқсан айында 153 бас асыл тұқымды қолданыста болатын жылқылар тірідей экспортталды», деді комитет төрағасы.

Рауан ҚАЙДАР,

«Егемен Қазақстан»