«Бүгінде біз тек үй ғана салып қоймай, сондай-ақ қолайлы өмір үшін қазіргі заманға сай жайлы ортаны құрамыз. Біз тұрғын үй кешендерімізге сұлулық пен эстетиканы жеткізгіміз келеді. Ең алдымен, ойлап табылатын нышан тұрғын үй кешенінің жалпы тұжырымдамасына сәйкес келуі керек, сонымен қатар оның тартымдылығын арттыру, позициялау тұжырымдамасына лайық болып, күндіз де, түнде де көзге тартымды болуы керек. Сыртқы факторларға төзімді, өрт қауіпсіздігінің талаптарына сай болуы тиіс», деп атап өтті «BI Development» компаниясының даму жөніндегі басқарушы директоры Расул Мұстафин.
Қоғамдық мойындау мен авторлық жұмыстарды жүзеге асыру мүмкіндігімен қатар, әрбір жобасының жеңімпаздары 150 000 теңге алады. Жүлденің жалпы қоры 1 350 000 теңгені құрайды. Сайысқа қатысуға өтінімдер 22 сәуірге дейін компанияның сайтында қабылданады. Конкурстық жобаларды Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының өкілдері, сондай-ақ Астана қаласының Урбанистикалық орталығы бағалайды.
Брифингке қатысушылар атап өткендей, 30 сәуір күні байқаудың қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды жариялайды, сөйтіп, жұртшылық Астана мен Алматы қалаларының заманауи архитектуралық және көркем көріністеріне өз үлестерін қосатын жаңа есімдерді танитын болады.
BI ART Debut сайысы BI Group компаниясының бір жыл бойы жүзеге асырып келе жатқан және Астана қаласының 20 жылдығына орайластырылған «20 игі іс» бағдарламасы аясында ұйымдастырылуда. Айта кететін болсақ, бұрын компанияның өкілдері Happy StartUp тұрғын үй кешендерін жетілдіру идеясын ұсынған болатын.
Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан»