Айтуынша, жекешелендірудің 2017-2018 жылдарға арналған Кешенді жоспарына сәйкес облыс бойынша жекешелендіруге 20 нысан қарастырылған. 2017 жылы жекешелендіруге барлығы 15 нысан жоспарланды, оның ішінде 7 нысан жүзеге асырылды. 25,9 млн.т. 2 нысан сатылып, сенімгерлік басқаруға 2 нысан берілсе, тарату туралы шешім қабылдануына байланысты 3 нысан сауда-саттықтан алынған. Қалған 8 нысан бойынша қатысушылардың болмауына байланысты сауда-саттық нәтижелері өтпеді деп танылыпты. 2018 жылы жоғарыда көрсетілген 8 нысанды есепке алумен Кешенді жоспарын толық жүзеге асыру үшін, жекешелендіруге 13 нысан жатады.
– Жекешелендіру объектілерінің сату мерзімдерін қайта қарау бойынша Үкімет тапсырмасын орындау мақсатында облыс әкімдігімен сату кестесі мен «Жол карталары» қайта бекітілді, онда 5 нысан кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беруге, 3 нысан аукцион арқылы сатуға, 1 нысан басымдықпен сатып алу құқығымен сатуға, сондай-ақ 4 нысан экономика орындылығы мақсатында таратуға жатады, – деді Маңғыстау облыстық қаржы басқармасының басшысы Марина Әлібекова.
2018 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша облыстың жергілікті бюджетінің кірісі 36,2 млрд. теңгені немесе есепті кезеңнің жоспарына 117,9% құраса, кіріс жоспары барлық аудандар мен қалаларда толығымен орындалған. Сондай-ақ, бөлімдер бойынша кірістердің өсуінің негізгі үлесі салық түсімдерімен есепке алынып, бұл жалпы табыстың 75,5% құраған.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
Маңғыстау облысы