Аймақтар • 10 Сәуір, 2018

Кәсіптік білім алушы жастар сынға түсті

494 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Семейдегі Абай атындағы қазақ музыкалық-драма театрында Шығыс Қазақтан облысындағы жұмысшы мамандықтарына даярлайтын колледждер арасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында халықаралық «World Skills Shygys-2018» сайысының облыстық чемпионаты бастау алды. Театр іші бір сәтте түрлі сала бойынша мамандық игеріп жатқан арманшыл жастарға толды.  

Кәсіптік білім алушы жастар сынға түсті

Фото: автор

Қатысушыларды ең алдымен Шығыс Қазақстан облысының әкі­мі Даниал Ахметовтің атынан әкім орынбасары Әсем Нүсіпова құт­тықтады.

«Құрметті жастар, сіздердің осы сайысқа белсене қатысып, рес­пуб­ликалық деңгейде өтетін чем­пионатқа жолдама алуларыңызға тілек­теспін. Біздің облыс техникалық ма­мандық иелерін даярлауға әлеуеті жо­ғары аймақ болып табылады. Сон­­дықтан да мектеп, колледж бі­тіруші түлектер осы салаларда ең­бек етіп, жұмыс істеуіне барлық мүм­­кіншілікті жасаймыз. Жұмысшы жас­­тардың қанатын қатайтып, биік­ке шығаратын WorldSkills бағ­дар­ламасының болашағы зор» делінген Шығыс Қазақстан облысы әкім­нің құт­тық­тау хатында.

– Айта кету керек, бұл сайыс жыл сайын біздің облыста кеңінен қанат жайып келеді, – деді облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова.Мә­селен, 2016 жылы WorldSkills сайы­сы жеті сала бойынша өткізілсе, 2017 жылы он бір сала бойынша қол­­ға алынды. Ал, биыл міне, 31 са­ла­ны қамтып отырмыз. Біздің өңір­де жұмысшы жастар даярлауға мүм­кіндік зор. Әрине, колледждер түлектерінің 85 пайызы толық жұ­мысқа орналасып кетеді. Әсіресе, құ­­рылысшы, шаштараз, кондитер, ауылшаруашылық мамандарына деген сұраныс жоғары. Өткен жылы КазЦИНК-пен келісімшартты бекіттік. Сөйтіп жастар оқи жүріп, ірі кәсіпорындарда еңбек ете алады. Биыл осы сайыс Семей маши­на жасау зауытының негізінде ұйым­дастырылып отыр. Балалар өз­деріне керекті мамандықты оқып жатқандықтарын сезіну керек. Сөйтіп республикалық сайыс­қа жолдама алған кезде тың дайын­дықта болады. Әрине, былтыр халық­аралық деңгейге дейін көте­рілгендер бар. Бірақ, ағылшын тілін еркін білмеуі оларға біршама кедергі болды. Біз әлі де жастарымызды осындай алқалы жиындарға талпындырамыз, олардың түрлі сайыстарға белсене қатысуына ықпал етеміз.

– Бұл облыстық білім басқар­масының тікелей ұйымдастыруымен қолға алынған шаруа, – деді Шығыс Қазақстан облыстық техникалық және кәсіптік білім беру және мамандарды даярлау орталығының директоры Ришат Рамазанов. Бү­гінгі шараға облыстан 35 колледж және бір кәсіпорын қатысып отыр. Колледждер 31 бағыт бойынша са­йысады, бұл қоғамдық қызмет көр­сету, техникалық біліктілік, құ­ры­лыс саласы дейсіз бе, жалпы жұ­мысшы мамандығына қатысы бар­лар өз біліктіліктерін көрсетпек. Және алған білімдерін ортаға салады. Бұлардың барлығы да эконо­микамен тікелей байланысты маман­дықтар. Бұл облыс бойынша осындай ауқымды түрде тұңғыш рет қол­ға алынған шара. Салыстырмалы түр­де айта кетсем, былтыр респуб­лика бойынша 30 түрлі салада са­йыс өтіп, оған 140 адам қатысқан еді. Биыл облыстық деңгейде өтіп жатқан осы жиынға 31 түрлі сала мамандары бас қосып, 150-ден астам студент қатысты. WorldSkills бұл әлемдік қозғалыс, Еуропада пайда болған. Соғыстың соңғы жылдары елде маман тапшы болып, жұмысшыларды оқытып, үйрету керек болған кезде осы WorldSkills бағдарламасы қолға алынды.

Жеңіл көліктерді жөндеу саласы бойынша сайысқа қатысушыларды сараптаушы Дмитрий Колмаков Риддер аграрлық-техникалық кол­леджінің оқытушысы екен, оның айтуынша көліктерді ең алдымен компьютерлік диагностикадан өт­кізуді білу керек. Екіншіден, жеңіл автокөліктің қорабын тексе­ріп, шашып, қайта жинап үйрену қа­жет. Бұлардың барлығы қатысушы жас­тарға қойылатын талаптар.

– Парижде мен 2017 жылы бол­дым, – деді шебер шаштараз атанған Владимир Дубинин. Өскеменде және Мәскеуде «Авеню» атты шаштараз салоным бар. Әрине, мен басқа мамандық бойынша жоғары білім алдым. Бірақ, шаштараздық өзіне тартып тұрды. Бес жыл университетте кәсіпорындардың аудиторы мамандығын меңгердім. Бірақ, жарты жыл қарапайым шаштараздыққа оқығанымда ғана көңілім көншіді. Адам өзінің сүйікті ісін тапса болға­ны екен.

– Біз Аягөздегі политехникалық кол­леджден ұжымымызбен келдік, – деді аталмыш колледж директоры Берікжан Оралғазыұлы. Аймақтық чемпионатты өткізудегі мақсат – үміткерлерді кәсіби құзыреттілікке қойылатын халықаралық талаптармен таныстыру, топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру және жоғары білікті жұмысшы мамандардың мәртебесін көтеру.

Чемпионатқа қатысушылар кәсі­би шеберлік тәжірибесін кеңейтуге, халықаралық деңгейдегі оқыту технологиялары және жаңа кәсіби стандарттармен танысуға мүмкіндік алмақшы. Сайысқа 18-22 жас ара­лығындағы ШҚО ТжКББ жүйесі оқу орындарының студенттері және жұ­мыс істейтін жастар қатысып отыр. Жиынды ұйым­дастырушылардың қатарында Шығыс Қазақстан облыс­тық бі­лім басқармасы басшысының орын­басары Айгүл Байжанова, Се­­мей қаласындағы Жастар ре­с­ур­­с­­­тық орталығының директоры Ол­­жас Соғымбай бар. Жарыс қо­ры­­­тындысында WorldSkills чем­­пионатының барлық деңгейі бойынша даярланудың іс-әрекет алго­ритмдері құрылатын болады.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бастау алған халықаралық «World Skills Shygys-2018» сайы­сы Семей машина жасау­ зауы­тында жалғасын тапты. Сайыс­ты ұйымдастыруға белсене атсалы­сушылардың бірі Семей машина жасау зауыты АҚ-тың дирек­торы Нұрлан Омаровтың айтуынша, мұндай шараларға кәсіп­орындарымыз қолдау білдіргені жөн. Себебі қазірде шығарылып жатқан өнімдеріміз шетелдерге де сатылып жатыр. Сондықтан нарық заңдылығында кез келген тауардың сұранысы талапқа сай болу керек. Ол үшін жоғары білікті мамандар қа­жет.

– Бүгін осынау «World Skills Shygys-2018» сайысы барысын­да жастар «Дәнекерлеуші», «Құрас­тырушы», «Киім үлгілерінің ди­зай­нері», «Шаштараз», «Ас­паз» мамандықтарын еркін мең­гер­­ген­діктерін көрсетеді, – де­ді облыс әкімінің орынбасары Әсем Нү­сіпо­ва. Сарапшылар ішінде «СемАЗ» ЖШС, «Азимут» ЖШС, «Парасат Энер­го» ЖШС, «Қазақтелеком» АҚ сияқ­ты көптеген кәсіпорындардың білікті мамандары бар. Бұларда жастарымыздың да жұмыс істеп жүргендігін айта кету керек. Себебі білімді әрі өнерлі, талантты болу кез келген жастың талаптануына байланысты дүние.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бастау алған халықаралық «World Skills Shygys-2018» сайы­сының Семейдегі облыстық ке­зеңі осылайша бірнеше күнге созылып, өз мәресіне жетті. Қатысушылар осы күндердің ішінде Семей машина жа­сау зауытында түрлі бәсекелерден сын­ға түсті.

Салтанатты шарада Шығыс Қа­з­ақ­стан облысының білім басқар­ма­сы басшысының орынбасары Ай­гүл Байжанова облыс әкімінің арнайы марапат қағазын сайысты ұйымдастыруға белсене атсалысқан Семей машина жасау зауыты АҚ-тың директоры Нұрлан Омаровқа табыстады.

Сондай-ақ Семейдегі көптеген кәсіп­орындар мен шағын кәсіпкерлік жетек­шілері де осы сайысты облыс­тық деңгейде ұйымдастыруға ниет білдіргендіктері үшін мақтау қағаз­дарымен марапатталды. Ал «World Skills Shygys-2018» бойын­ша «Флористика» саласынан бірінші орынға Жадыра Мұха­мат­қалиева ие болды. Нан пісі­ру­ден Елена Бородулина, аспаз ісінен Сергей Шинко жеңімпаз аталып және тағы да басқа жүздеген жастар өз салалары бойынша алға озып шықты.

«World Skills Shygys-2018» сайы­сының қорытындысында жастар «Дәне­керлеуші», «Құрастырушы», «Киім үлгілерінің дизайнері», «Шаштараз» мамандықтарын еркін мең­гергендіктерін көрсете білді. Жеңіс­ке жеткендерді республикалық «World Skills Kazakhstan-2018» жобасының менеджері Анар Тлеу­мағамбетова құттықтап, ұлттық чемпионатқа жолдама алғандарға сәт-сапар мен игі табыстар тіледі.

Раушан НҰҒМАНБЕК,
журналист

Семей