Қазақстан • 11 Сәуір, 2018

Әсет Исекешев: Жолдың құрылысы мен сапасына мән берілуі керек

488 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Астана әкімі қаладағы жол-көлік инфрақұрылымының бірнеше нысанына барды. Әсет Исекешев проблемалы учаскелерді қарау кезінде жауапты қызметкерлерге тапсырма берді. Бұл туралы қалалық әкімдік хабарлады.

Әсет Исекешев: Жолдың құрылысы мен сапасына мән берілуі керек

«Таяу арада ауа райының өзгеруіне белгілерді қайтадан жаңарту қажет», деді Астана әкімі Әсет Исекешев. 

Ол жол құрылысы мен сапасына артықшылық берілуі керектігін айта кетті. 

Өз кезегінде Астана қалалық жол-транспорт инфрақұрылымын дамыту және транспорт басқармасының басшысы Асхат Қарағойшин күн жылысымен өкілетті органдар бекіткен кестеге сәйкес жолдағы белгілерді қайтадан бояп шығу жұмыстарын бастайтынын хабарлады. Жұмысты Астана қалалық ІІД әкімшілік полициясы басқармасы бекіткен. Соған сай жол белгілерін жаңартып шығу (жаңбыр жоқ, күн құрғақ кезлері ауа ылғалдығы 85%, ауа температурасы + 10 °С және т.б. төмен болмауы тиіс).   

2017 жылы астанада жол жұмыстарының рекорды орындалған болатын. 169 көше салынып, жөндеуден өтті, оның 107-сі Өндіріс тұрғын алабында, Юго-Восток, Көктал, Ильинка, Комсомольскийде жасалды. Жалпы алғанда 114,5 км асфальт жол төселді. Ал көше-жол желісіндегі жүктемені төмендету мақсатында қалада  9 оңға қарай бұрылатын құрылғысы бар 7 қиылыс салынды. 

Сонымен қатар, Астана қалалық жол-транспорт инфрақұрылымын дамыту және транспорт басқармасының алдын ала мәліметінше, осы жылы 183 көше салынып, жөндеуден өтеді. Оның ішінде қаладағы 22 магистральді көше, 133 көше тұрғын алаптарына қатысты. Бөлінген қаражат шеңберінде 28 көшеге 28,4 км жол жабындысын төсеу жұмыстары жоспарлануда. 

Асфальт жабындысының көпке шыдауы үшін және жөндеу арасындағы мерзімде зертханалық бақылау қызметі де жүзеге асырылды. Яғни жол-құрылыс материалдары мен асфальтбетонның сапасы ең алдымен зертханадан өтеді. 

Қаладағы магистральдарда Rejuvaseal, «Микромастика» суға төтеп беретін қоспа мен асфальттың өңін кетірмей қорғап тұратын және  кедір-бұдыр жолдың жұқа қабатын жабатын «Микросюрфейсинг» қоспасы өз кезегінде асфальт бетон жабындысының қызметін ұзақ уақытқа сақтай алады. 

Айта кетейік, 2017 жылдан бері «Астана қалалық жол зертханасы» ЖШС тәуелсіз компаниясы асфальтбетон мен құрылыс материалдарының сапасын, құрылыстың сапасын толық бақылап тұрады.