ЭКСПО-2017 • 13 Сәуір, 2018

ЭКСПО-2017 мұрасы Қытайда таныстырылды

573 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Қытайдың  Шанхай қор биржасының ең ірі сауда алаңында өткен инвестор күніне қатысты, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі. 

Ұлттық компания ұсынған бренд аймағында әлемдегі ең ірі компаниялар мен қаржы институттарының өкілдері «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің мұрасымен қоса «Астана» халықаралық қаржы орталығы, «Astana Hub» Халықаралық IT-стартаптар технопаркімен, сондай-ақ Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан бірқатар ауқымды жобалармен танысу мүмкіндігіне ие болды.

Басты мақсат - көрме нысандарын шет елде ілгерілету бойынша жүйелік жұмысын жалғастыру.