Сайысқа жоғары және кәсіби оқу орындары студенттерінің 20-ға жуық тобы қатысты. Іс-шараның ашылу салтанатында Агенттіктің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Қ.Байгебаев сайыстың мақсаты мен міндеттері, академиялық және студенттік ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңызы туралы айтып өтіп, Қазақстан Республикасының бетке ұстар азаматы тырысып, білім-ғылымды игеруге шақырды.
Белсенді сайыс нәтижесі бойынша әділ қазылар алқасы интеллектуалдық ойынның жеңімпаздарын анықтады. Барлық жеңімпаздар грамоталар және құнды сыйлықтармен марапатталды.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»