Қазақстан • 24 Сәуір, 2018

Үндістан азаматтары үшін визасыз тәртіптеме

312 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2018 жылғы 23 cәуірден 31 желтоқсанға дейін Астана мен Алматы арқылы үшінші елдерге қазақстандық әуекомпаниялармен транзит арқылы ұшатын Үндістан азаматтарына 72 сағаттық визасыз тәртіптеме қолданылады. ҚР үкіметінің тиісті қаулысына үстіміздегі жылдың 10 сәуірінде қол қойылған. 

Үндістан азаматтары үшін визасыз тәртіптеме

«Эйр Астана» Алматыдан Делиге күн­делікті, ал Астанадан апта­сына 3 рет Airbus және Embraer жайлы заманауи ұшақ­тарымен қатынайды. Қазақстан мен Үндістан астаналарын байланыстыратын тікелей рейс 2017 жылдың ортасында ашылған.

Алматы – Дели бағыты бойынша эконом-кластағы және бизнес-кластағы екі жаққа билет құны тиісінше 83 200 және 390 498 теңгеден басталады, Астана – Дели бағыты бойынша 83 052 және 390 351 теңгеден басталады.

Екі ел арасында әуебай­ланыстың басталған сәтінен 570 мыңға жуық жолаушы және 5,6 мың тонна жүк тасымалданған. Делиден транзиттік жолау­шы­ларға Киев, Ыстанбұл, Мәскеу, Санкт-Петербург, Ом­­бы, Новосібір, Бейжің, Үрім­­ші, Тбилиси және Бішкек қала­ларына ыңғайлы түйісу рейс­тері ұсынылады. Жалпы, «Эйр Астананың» транзиттік ағыны 2018 жылдың қаңтар-наурыз кезеңінде өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 62% ұлғайған және қазір жалпы жолаушы ағынының 30%-ын құрайды.

Сондай-ақ Қытай Халық Республикасының азаматтарына осындай визасыз тәртіптеме қолданылады.

«Эйр Астана» АҚ

Корпоративтік коммуникациялар жөніндегі департамент