Фото: Ақмаржан ӘДІЛБЕК
Облыс орталығындағы қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің хабарлауынша, жыл сайынғы қайталанатын шыбын-шіркейлерді, масаларды улау, дезинсекция жұмыстарын биыл «Дезус» ЖШС жүргізбекші. Бұл жұмыс бойынша, облыс орталығы аумағында 7 215, Мойылды ауылында 25 гектар жер масадан тазартылады. Облыс орталығы, Ақсу қалаларының ауылдық аумақтарындағы 19 950 гектар жайылымдық жерлерге әуеден дәрілер себіледі. Қаладағы 43 саябақта, су қоймаларында да улау жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Астанадағы «Ұлттық сараптама орталығы» да масалармен күрес бастаған жерігілікті «Дезус» ЖШС ғылыми тұрғыдан қолдамақ.
Серіктестік сарапшылары Қазіргі уақытта энтомолог, биолог, паразитолог мамандардан құралған топ Ертіс өзенінің жайылымдық аумақтарында 14 бақылау нүктесі арқылы мониторинг жүргізуде. Сонымен бірге, «Каустик» зауыты мен «Қазақстан Алюминийі» АҚ-та өндірістік су жиналып қалған жерлерден өсіп-өніп ұшып шығатын шіркейлерді тікұшақ арқылы улау жұмыстары жүргізіледі.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»
Павлодар