Нысанды тексеру кезінде медициналық орталықтың директоры В. Моторыкин Премьер-Министрге мекеме жұмысы туралы айтып, жүрекке күрделі операцияларды жүргізуге мүмкіндік беретін Innova IGS 530 жаңа ангиографиялық қондырғыны көрсетті. Б. Сағынтаев Бубновский орталығына барған кезде осында енгізілген кинезитерапия әдістерімен және оңалтуға арналған жаңа құралдармен танысты.
Бүгінгі таңда «Қазақмыс» корпорациясының медициналық орталығында 1200-ден астам адам, оның ішінде 124 дәрігер (жоғары санаттағы 45 дәрігер), 800-ден астам медбике жұмыс істейді. Орталық денсаулық сақтау орындарына қызмет көрсету, кәсіби дәрігерлік тексеру, шұғыл, амбулаторлық-емханалық, стационарлық медициналық көмек көрсету, дәріхана қызметтерімен айналысады.
Төсек орындарының саны - 300, емханада қабылдау - күніне 1000 адамға дейін. 2004 жылы «Қазақмыс» корпорациясы мен Фрайбург университеттік клиникасы арасында медицина саласында бірлесіп жұмыс атқару туралы келісімге қол қойылды. Оның негізінде емдеу және қызмет көрсету саласында еуропалық стандарттар енгізілуде, бірлескен жобалар жүзеге асырылып жатыр. Медициналық орталықтың бірқатар дәрігері Германияда дәрігерлік тәжірибеден өтуге рұқсат алды.