Елеусінов үшін ерекше сынақ

Алдағы жексенбі күні қазақтың шойын жұдырық иесі, Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Barclays Center аренасында өзінің кәсіпқой бокстағы дебюттік кездесуін өткізеді. Өздеріңіз білетіндей, Елеусінов наурыз айында кәсіпқой боксқа ауысқандығын мәлімдеп, британиялық танымал промоутер Эдди Хирнмен үш жылдық келісімшартқа қол қойған еді.  

Егемен Қазақстан
27.04.2018 7307
2

Д.Елеусінов әуесқой бокс­шы алуы тиіс болған жүлде мен марапаттың барлығын ен­шіледі. Былай қарасаңыз, бокс­шы ретінде өкінішіне қара­ғанда, қуанышы басым. Ен­деше оның спорттық ғұмы­рының келесі кезеңіне имен­бей аяқ басуына еш кедер­гі жоқ-тын. Бокс әлемі­не жаңалық болып келіп, алшаңдай басқан Алаш ба­ла­сының арынын менмін деген промоутерлік орталықтардың көрмей қалуы тағы мүмкін емес. Бірақ Данияр ешкімге елеусіз жатқан, аты мен ата­ғы, даңқы мен дабырасы жоқ аус­тралиялық компаниямен келі­сімшартқа отырғанда ішіміз бір қылп ете қалғанын несі­не жасырайық?! Сол күмән бекер емес екен, шикі ке­лісімнен ақыры ши шығып тынды. Енді, міне, екінші рет кәсіпқой бокстың дәмін татуға, төрт белдіктің барлы­ғын иеленуге бел буып отыр.

Елеусіновтің кәсіпқой бокс­тағы тұңғыш жекпе-жегі 29 сәуір күні Геннадий Головкиннің экс-қарсыласы Дэниель Джейкобстың қа­ты­суымен болатын бокс ке­шінде өтеді. Қарсыласы аме­рикалық боксшы – Ноа Кидд. Бүгінге дейін төрт кездесу өткізіп, үшеуінде жеңіске жетсе, біреуінде тең түскен. 23 жастағы Кидд кәсіпқой бокс­тың әліппесін осыдан екі жыл бұрын бастаған. Елеусіновке қарағанда тәжірибесі мол. Ол соңғы айқасын өткен жылдың желтоқсан айында өткізіп, қарсыласын техникалық нокаутпен жеңген. Алдын ала мәлімет бойынша Елеусінов-Кидд айқасы 6 раундқа жос­пар­ланған. Кәсіпқой бокс­та рейтингте тез көтерілу үшін раунд саны маңыздырақ. Елеу­сіновтің дебюті үшін 6 раундтық жекпе-жек жақсы көрсеткіш. Дегенмен 1,5  жылдан аса бокс практикасы жоқ және кәсіпқой бокстың қыры мен сырын меңгере қой­маған Да­нияр үшін 6 раунд­тық айқас қиын­дық ту­ғы­зуы мүмкін. Әдет­те, кәсіп­қой боксқа ен­ді қа­дам бас­қан боксшылар қа­ры­­мы мен фи­зикалық мүм­кін­­ді­гін тек­серіп алу үшін 4 раунд­­тық жекпе-жектен бас­тай­­тын. 

Жекпе-жек алдында Д.Елеу­­­­сінов қарсыласы тура­лы аз­дап зерттегенін, соған қа­­рай жоспар құрып қойғанын жет­кізді. «Шынымды айтсам, қарсыласым туралы толық білмеймін. Өйткені ол туралы интернетте ақпараттар өте аз. Оның бұған дейінгі жек­пе-жектерінің тек видео үзін­ді­сін қарап шықтым. Байқа­ға­ным­дай, ол оң қолымен көп соққы жасайды екен жә­не стилі де түсініксіз. Де­се де, қарсыласым жо­ға­ры дең­гей­­дегі боксшы деп айта ал­май­мын. Себебі кәсіп­қой бокс­­тағы алғашқы айқас­қа жоға­ры деңгейдегі қарсы­лас­ты таңдамайды ғой. Бірақ сон­да да сақ болған жөн. Жек­пе-жек тағдырын бір соққы ше­шіп кетуі де әбден мүмкін. Осы­ған байланысты әкем екеу­міз жекпе-жекке бірнеше жос­пар құрып қойдық. Бұйыр­­са, жеңіске жету үшін бар кү­­шімді, тәжірибемді қолда­на­­тын боламын», дейді Елеусінов.

Сондай-ақ америкалық Ноа Кидд те отандасымыз ту­ралы өз пікірін айтып өтті. «Мен бұған дейін Елеусі­новті таныған жоқпын. Қарсы­ла­сым атанған соң ол туралы мәлімет іздей бастадым. Ме­ніңше, ол өте мықты боксшы. Рингте өзін еркін сезініп, аяқта өте жылдам қимыл­дап, күтпеген жерден соқ­қы жұмсайтыны бар екен. Оның бірнеше жекпе-жегін көр­ген соң осындай ой түй­дім. Сонымен қатар ол өте ашық жүретін боксшы еке­нін де байқадым. Оның бұл кемшілігі маған қол келуі мүмкін. Сондықтан оны же­ңуге болады-ау деген бірнеше жос­пар түзіп, оған тосынсый да­йындап қойдым», дейді Кидд.

АҚШ-қа  апта бұрын бар­ған Данияр Елеусінов кеше жергілікті БАҚ өкілдеріне алғашқы жаттығу жиынын өткізді. Сондай-ақ бұл жиынға отандасымыздың промоутері Эдди Хирн қатысып, журналистерге Даниярдың дарынды боксшы екенін айтып, оны WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинмен салыстырды. «Сіздер мына жігіттің қаншалықты дарынды екенін білмейсіздер. Ол келесі Геннадий Головкин емес, ол – Данияр Елеусінов. Бұл жігіт – Қазақстанның «алтын баласы». Ол ерекше дарынды, ол орта салмақтағы әлем чемпионы болады», деп пікір білдірді промоутер. 

Оқырмандар арасында Елеусіновті Головкинмен са­лыстырып, атақ жағынан GGG-ден асып түседі деп сенім­ді түрде айтып жатқан бұл қай промоутер деген заң­ды сауал туындауы мүм­кін. Эдди Хирн есімі кәсіп­қой бокстың айналасында жүр­ген­дерге, бокс жанкүйерлеріне та­ныс. Алайда басқа да оқыр­­ман­дарымыз үшін бұл есім­­нің сырын аша түссек дей­міз. Эддидің әкесі Барри Хирн Matchroom Sport про­моутерлік компаниясын ашып, біраз уақыт өзі бас­қарған. Кейінірек ол про­моу­терлік компания­сын ұлына береді. Осыдан соң Эдди бір­неше талантты боксшылармен келісімшартқа отырып, Англиядағы бүкіл бокс пен жарнама аудиториясын өзіне тарта бастайды. Бұл кезде Англияда әйгілі Рик­ки Хаттонның промоутері бол­ған Фрэнк Уорреннің дәуірі жүріп тұрған кез болатын. Осыдан соң Англияда екі промоутер арасында бәсекелестік басталады.

Бүгінде ол – Энтони Джо­шуадан бастап, Дэниел Джей­кобс, Тайсон Фьюрри, Келл Брук сынды жігіттерді жете­леп жүрген промоутер. Тіпті жерлесіміз Жанат Жақия­нов­тың бар белбеуін тартып ал­ған Райан Барнетт те осы про­моу­тердің боксшысы. Енді бұл қатарға отандасымыз Да­нияр Елеусінов те қосылды.

Кәсіпқой боксқа ауыс­қан өзге қазақстандық бокс­шы­ларға қарағанда Елеусінов кәсіпқой бокс әлемінде өте танымал және абыройлы промоутермен келісімшартқа отыр­ды. Сондай-ақ ол дебют­тік кездесуін АҚШ-та өт­кізу­ге мүмкіндік алды. Де­мек, промоутер тарапынан Елеу­сіновке бар жағдай жасал­ған. Енді барлығы тек бокс­шы­ның өзіне байланысты. Ен­деше сайысқа түсетін саңла­ғы­мызға  сәттілік тілейміз.

Әли БИТӨРЕ,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

26.09.2018

«Астана Опера» сахнасында «Астана – Әлем дауысы» халықаралық фестивалі ашылады

26.09.2018

Қостанайда төртінші Цифрлы ХҚО ашылды

26.09.2018

Семей ядролық сынақ полигонының жағдайы ғылыми басқосуда талқыланды

26.09.2018

Қазақстанда неміс технологияларын қолдануды жоспарлап отыр

26.09.2018

Сатунда сайысқа түседі

26.09.2018

Құсбегі қыздар

26.09.2018

Қостанайлық полицейлер қырғызстандық жүк машинасын өрттен аман алып қалды

26.09.2018

Дирижердің бақытты сәті

26.09.2018

Жылу беру маусымына әзірлік басталды

26.09.2018

Қостанай облысы мен Қытай арасында үш инвестициялық жоба жүзеге асады

26.09.2018

Сөз сойыл №67

26.09.2018

Қостанайда Қазақ ұлттық мәдени күні өтті

26.09.2018

Қоғам жұмыла қарсы тұруы қажет

26.09.2018

Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін?

26.09.2018

Қазақстанда жасалған өнімдер Мәскеуде «Жыл тағамы» номинациясын иеленді

26.09.2018

Алғашқы медициналық көмектің сапасын арттырмақ

26.09.2018

GGG-дің алдағы жоспарлары қандай?

26.09.2018

Төрт емдеу нысаны күрделі жөндеуден өтті

26.09.2018

Әріп танымайтын баладан Африканы сұраған...

26.09.2018

Оқушыларды ағылшын тіліне баулиды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Құрманәлі Қалмахан,

Jańa mamandyq jaıy

«Erinbe. Eńbek et, mal tap» degen sózdi Abaıdan keıin ata-analarymyz jıi aıtatyn. Alaıda áleýmettanýshylar eńbek etý men tabysty bolýdyń mazmuny men shynaıylyǵy ózgerdi degendi alǵa tartady. Al eńbektiń formýlasy jumys isteý, kásip ashyp, tabys tabý ekeni belgili. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tirshilikti mádenıet bıleıtin qoǵam

Osy ýaqytqa deıin jeke adamnyń tirshiligin, turmys jaǵdaıyn onyń bilimi men eńbekqorlyq qasıetiniń bılep kelgendigi belgili. Adamdar kóp jaǵdaıda qoǵamnan bilimine saı oryn alyp otyrdy. 

Асан Мирас,

Ulaǵat pen muraǵat

Qaıǵyly ólimi qalyń jurttyń qabyrǵasyn qaıystyryp, qyrshyn ǵumyry qıylǵan óner, mádenıet, sport sańlaqtary qaı ultta bolsyn az emes. Ondaı has talanttardy halyq eshqashan umytpaıdy. Talanttardyń fánıdegi taǵdyry kelte bolǵanymen, halyqtyń júregi men jadyndaǵy ǵumyryn myńjyldyqtarmen ólsheýge bolady. Aıtalyq, áıgili grek ańyzyndaǵy aıbyndy batyrlar Ahılles pen Gektordyń esimderi dáýirlerden dáýirlerge kóshe júrip, ult sanasynda jarqyrap ǵumyr keshýde. Ańyzdyń epıloginde aıtylǵandaı, keıingi urpaq tıtandardy máńgi eske tutatyn bolady. Tipti, grektiń búkil tarıhy áli kúnge deıin ataqty Gektor men Ahıll shaıqasyna baılanysty óriledi. Biz muny nege aıtyp otyrmyz? Qaı ult bolmasyn, esimi elge eleýli tulǵalaryn este qaldyrýdyń esti joldaryn ustanady. Qazaq tarıhyn aqtarsaq ta, ádebıet betterin paraqtasaq ta túrli klassıkalyq joqtaý úlgilerine jolyǵatynymyz sózsiz. Joǵarydaǵy dańqty grek batyry Ahıllestiń de atyn aqıqatqa bergisiz asqaqtatqan áıgili Gomer abyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(1)

Асия (27.04.2018 10:36:18)

бокс әлемінде өте танымал

Пікір қосу