Президент • 27 Сәуір, 2018

Елбасы ҚХА Хатшылық меңгерушісі Леонид Прокопенконы қабылдады

285 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Леонид Прокопенконы қабылдады, деп хабарлады akorda.kz

Елбасы ҚХА Хатшылық меңгерушісі Леонид Прокопенконы қабылдады

Кездесуде Мемлекет басшысына Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясын өткізуге әзірлік барысы жөнінде баяндалды.

Л.Прокопенко Нұрсұлтан Назарбаевқа ұйымдастыру-дайындық жұмыстарының нәтижелері, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша қабылданған шешімдер туралы мәлімдеді.

Кездесу соңында Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.