ЕКПА сессиясының күн тәртібіне Ливиядағы жағдайға, климат жөніндегі Париж келісімін іске асыруға, ИШИМ террористік топты қаржыландыруға қарсы іс-қимылға, ұйымдасқан қылмыс пен гибрид соғыспен күреске, Еуропадағы журналистердің мәртебесіне байланысты мәселелер енген болатын. Сондай-ақ «ЕКПА-да сыбайлас жемқорлық оқиғалары туралы тәуелсіз тергеу органдарының баяндамасына байланысты шаралар» және «Копенгаген декларациясы, бағалау және одан кейінгі шаралар» тақырыптары бойынша жедел пікірсайыстар да ұйымдастырылды. Сириядағы бітімгерлік бастамаларындағы Еуропаның рөліне арналған жеке пікірталас болды.
24-25 сәуірде Қазақстан сенаторлары ЕКПА Саяси мәслелер және демократия жөніндегі комитетінің жұмысына қатысты. Т. Мұқашев пен С. Айтпаеваның сөздері терроризмді насихаттауға қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналды.
Ассамблея алаңдарында Қазақстанның парламенттік делегациясы Еуропа солшылдарының бірлескен тобының депутаттары Тини Кокс және Хенк Овербикпен (Нидерланды), сондай-ақ Андрей Хункомен (ГФР), Еуропа консерваторлары тобының төрағасы Ян Лиддел-Грейнджермен (Ұлыбритания), Еуропаны жақтайтын либералдар мен демократтар альянсының мүшесі Жорди Чукламен (Испания), Беларусь Ұлттық жиналысы Өкілдер палатасының мүшесі Андреем Наумовичпен және Елена Анисиммен кездесті.
Әңгіме барысында Қазақстанның Еуропа Кеңесі мен ЕКПА-мен ынтымақтастығының жай-күйі және басымдықтары талқыланды. Жүздесушілер Қазақстанның саяси және әлеуметтік жаңғыру бағдарламасы туралы хабардар болды. Кездесу соңында тараптар Қазақстан мен Еуропа Кеңесінің арасындағы парламентаралық ынтымақтастық саяси үнқатысу мен түрлі саладағы экономикалық іс-қимылды нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.