17 жасар атыраулық Әбілмансұр Батырғали 68 кг дейінгі салмақ дәрежесінде және «юниоры» жас санатында сынға түсті. Спортшы 4 кездесу өткізіп, Шри-Ланка, Өзбекстан, Таиланд және Ирандық қарсыластарынан басып түсіп, Азия чемпионы атанды.
- Ең қиын кездесу финалда ирандық спортшымен болды. Барлығына белгілі, Иранда барлық жекпе-жек түрлері жақсы дамыған, қарсыласым өте жақсы дайындалған, сондықтан біз соңына дейін бірдей ұпайда болдық. Бірақ, маған жеңіс бұйырды,- дейді Әбілмансұр Батырғали. Жаттықтырушы Сансызбай Торғаевтың айтуынша, жарыс жасөспірімдерге бұдан да жоғары деңгейдегі жарыстарға жолдама болды.
- Алдағы уақытта Әбілмансұр Болгарияда өтетін жастар арасындағы халықаралық деңгейдегі жарысқа қатысады. Онда жеңген спортшы Аргентинадағы Буэнос-Айрес қаласындағы жастар Олимпиадасына жолдама алады,- дейді Сансызбай Торғаев.
Айта кетейік, 17 жаса Әбілмансұр Батырғали өткен жылы Астанада өткен Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанған болатын, сол жылы каратэ-додан Әлем кубогінің иегері болды, спорт шеберіне үміткер.