Қазақстан • 16 Мамыр, 2018

АХҚО сотының соты Алматы мен Астанада Қазақстанның заң қоғамдастығымен кездесті

218 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Осы аптада АХҚО сотының соты Сэр Руперт Джексон Алматы мен Астанада АХҚО соты мен Халықаралық төрелік орталығын таныстыру бойынша бірнеше іс-шараға қатысты.

АХҚО сотының соты Алматы мен Астанада Қазақстанның заң қоғамдастығымен кездесті

Дүйсенбі күні 14 мамырда сот Джексон қазақстандық және халықаралық заң фирмаларының, ұлттық корпорациялар мен Алматыда орналасқан шетел компанияларының заңгерлері қатысқан АХҚО құқықтық конференциясында баяндама жасады.

Сот Джексон, Англия мен Уэльстің Апелляциялық сотының бұрынғы соты, заңгерлер мен дау тараптары АХҚО сотын қалай пайдалана алатындығы, олардың оның қызметіне қалай қатыса алатындығын, сондай-ақ барлық қол жеткізімді оның қызметтерін қалай пайдалануға болатынын түсіндіріп кетті. Ол сондай-ақ АХҚО қатысушысы болып табылмайтын және қаржы орталығына ешбір қатысы жоқ кез келген тараптарға даудың барлық тараптарының келісімі болған жағдайда АХҚО сотына шағым беруге мүмкіндік беретін арнайы юрисдикцияға ие болатындығы туралы айтып кетті. Кристофер Кэмпбелл-Холт мырза, АХҚО сотының және Халықаралық төрелік орталығының (ХТО) тіркеушісі мен аппарат басшысы қызметін атқарушы, Құқықтық конференцияда модератор ретінде қатысты, сондай-ақ Халықаралық төрелік орталық жұмысына қатысты барлық сұрақтарға жауап берді. Ол мынадай мәлімдеме жасады:

«Халықаралық Төрелік орталық дәстүрлі сот тыңдауларынан тыс коммерциялық дауды шешкімі келетін тараптарға сенімді баламаны қамтамасыз ету бойынша ең жоғары және барынша алдыңғы қатарлы әлемдік кластағы стандарттарды қолданып әлемдік кластағы төрелік пен медиация жөнінде қызметтер көрсетеді. Төрелік орталықтағы процедуралар барынша икемді және экономикалық тиімді болып табылады, сол арқылы АХҚО мен Қазақстан Республикасына инвестициялауды қарастыратын халықаралық инвесторлар тарапынан жоғары қызығушылыққа кепілдік береді».

Сондай-ақ осы аптада сот Джексон Қазақстан Республикасының Жоғары Сотының соттарына АХҚО мен ХТО білім беру бағдарламасы шеңберінде лекциялар оқыды

Осыдан басқа сот Алматыда КИМЭП Университетінің және Астана қаласында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің студенттерімен кездесті. Осы кездесулер мен лекциялар шеңберінде студенттер АХҚО Сотының жұмысы, ағылшын қоғамдық құқығы, Сэр Руперт Джексонның Англия мен Уэльсте азаматтық сот жүргізу ісін реформалау бойынша жұмыс тәжірибесі туралы танысты. Реформалар сот шығыстары мен процестер ұзақтығын қысқартуға арналған

Сот Джексон Dentons халықаралық заң фирмасы ұйымдастырған, Астанадағы арнайы іс-шарада АХҚО Сотын таныстырды, ол жерде ол осы фирманың заңгерлері мен клиенттерімен кездесу мүмкіндігіне ие болды.

«Мен үшін бір апта ішінде қазақстандық соттар, заңгерлер мен студенттермен кездесу үлкен қуаныш сыйлады. Заңгерлер мен профессорлар қазақстандық құқықтық жүйенің қалай жұмыс істейтінін түсіндірді. Мен өте үлкен әсер алдым. Біздің практика мен жалпы құқық сотындағы тәжірибе қазақстандық заңгерлер мен соттар үшін қызықты да пайдалы болады деп сенемін. АХҚО соты жалпы құқық негізінде жұмыс істейді, сонымен бірзе біздер қазақстандық құқықтың пайдалы нышандарын да негізге аламыз. Барлық юрисдикциялар заңгерлеріне түрлі соттарға қатысып бір бірінен үйренері мен талқылайтын мәселелері көп», деді ол.