Кездесу барысында тау-кен саласы, муниципалдық және көлік инфрақұрылымын қоса алғанда, экономиканың түрлі секторларындағы, «жасыл» экономика мен жаңартылатын энергетиканы дамыту, Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін жақсарту мен басқа да салалардағы қазіргі және келешектегі бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.
ЕҚҚДБ ынтымақтастығының 20 жылдан астам уақыты ішінде Қазақстанда жалпы құны €7,3 млрд болатын 240 бірлескен жоба қаржыландырылды. 2017 жылы құны $700 млн астам болатын 25 жаңа жобаға қол қойылды.
Қазақстандағы ЕҚҚДБ жобаларының қазіргі қоржыны €3,1 млрд болатын 118 жобадан тұрады. Олардың қатарында «Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Теміртау — Астана» бағыттары бойынша жүргізілетін «Сарыарқа» магистральді газ құбырының құрылысы, «Орталық — Оңтүстік» дәлізінің «Күрті — Қапшағай» аумағын реконструкциялау» жобасы, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ активтерін өткізу бойынша, автокөлік жолдарының ақылы жүйелерін енгізу бойынша, «Астана — Қарағанды — Балқаш — Күрті — Қапшағай — Алматы» автокөлік жолының «Орталық — Оңтүстік» дәлізін реконструкциялау» жобасы туралы, «Күрті — Бурылбайтал 2152-2214 шақырым (62 шақырым)», «Ақтөбе, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының су шаруашылығы және гидромелиорациялық жүйелерін реконструкциялау» және басқа да жобалар бар.