Байқау қорытындысы бойынша қазақстандық әлеуметтік медиа пайдаланушылары жеке аккаунттарында АЭФ-тің ресми хештегтерімен Форумға неліктен барғысы келетіні тақырыбындағы жазбаларын немесе бейнероликтерін жариялады.
Негізгі мақсаты Астана экономикалық форумын жастар арасында насихаттау, жалпы бұқараға күн тәртібіндегі 11 сын-тегеуріннің және іс-шараны Global Challenges Summit-ке өзгертудің мәнін ашу болған байқау 4 және 15 мамыр аралығында өтті.
Бүгін Астана қаласындағы «Hilton» мейманханасында «АЭФ–2018-ге барамын» байқауының жеңімпаздарын ресми марапаттау рәсімі өтті.
Құрамына АЭФ Ұйымдастыру комитетінің өкілі Динара Жолдаспаева, «Жетінші арнаның» директорлар кеңесінің мүшесі, продюсер, танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы мен белгілі блогер, қоғам қайраткері Ғалым Байтоқ кірген әділқазылар жүзден астам жұмыстың ішінен ең үздік бесеуін іріктеп алды.
Жеңімпаздар АЭФ-ке тегін бару мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар ақтық сынға шыққандардың Астана экономикалық форумының атақты спикерлерінің бірімен фотоға түсуге керемет мүмкіндігі бар.
Байқау жеңімпаздары:
Әйгерім Тасболат — Халықаралық бизнес және коммуникациялар колледжінің студенті, Алматы қаласы;
Әйгерім Серікжанова — «Жас Отан» жастар қанатының өкілі, Астана қаласы;
Сонар Ержан — «Мирас» университетінің студенті, Оңтүстік Қазақстан облысы;
Шайхислам Лайсханов — PHD докторы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің оқытушысы, Алматы қаласы;
Надира Сырлыбаева — Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің студенті, Оңтүстік Қазақстан облысы.