Қазақстан • 17 Мамыр, 2018

АЭФ-2018: Қ.Келімбетов АХҚО-ның бәсекеге қабілетті екенін айтты

365 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетовтің айтуынша, елордадағы қаржы орталығы болашақта әлемнің ең ірі деген қаржы орталықтарына бәсекелес бола алады.

АЭФ-2018: Қ.Келімбетов АХҚО-ның бәсекеге қабілетті екенін айтты

Елордада өтіп жатқан Астана экономикалық форумында Қ.Келімбетов:

– Астана халықаралық қаржы орталығы Дубай, Шанхай қаржы орталықтарына бәсекелес бола алады,– деді.

Бүгін елордада Астана экономикалық форумы базасындағы Giobal Challeng 2018 конгреcі өтіп жатқанын айта кетейік. Алқалы жиынның беташарындағы пленарлық отырысқа Мемлекет басшысы Н.Назарбаев қатысып сөз сөйледі.

Арнұр АСҚАР,

«Егемен Қазақстан»