Қазақстан • 17 Мамыр, 2018

Астанада рамазан айын жоғары деңгейде өткізу мәселесі талқыланды

305 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ғимаратында Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың төрағалығымен кезекті хаттамалық жиналыс өтті.

Астанада рамазан айын жоғары деңгейде өткізу мәселесі талқыланды

Алқалы жиынға бірінші наиб мүфти, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы, наиб мүфти Алау Әділбай, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев пен ҚМДБ бөлім меңгерушілерілер қатысты.

Күн тәртібінде рамазан айын жоғары деңгейде өткізу мәселесі талқыланды. Қасиетті айда жүзеге асатын іс-шаралардың жоспары мен мерзімі пысықталып, нақты тапсырмалар берілді.

«Рамазан – жақсылықта жарысатын ай. Қасиетті айда ізгі іс-шараларды, қайырымдылық жұмыстарды көбірек жүзеге асыруымыз керек. Ораза кезінде әр саладағы мекеме жетекшілері мен жалпы жамағатқа ауызашар ұйымдастырылсын. Қайырымдылық айында материалдық мүмкіндігі аз адамдарға мүмкіндігінше көмек көрсетілсін», – деді Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы.

Жиналыс соңында ҚМДБ төрағасы С.Сатыбалдыұлы аймақтағы өкіл имамдарға нақты тапсырмалар жолдады.

Соңғы жаңалықтар

Әр адамның пікірі маңызды

Ата заң • Бүгін, 11:20