14-16 мамыр аралығында Тараз қаласында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында жүзуден Қазақстан чемпионаты өтті. Чемпионатта ел спортшылары 9 алтын еншіледі.
«Мотиватор» лақап атымен танымал Ержан Сәлімгереев 100 м - кроль, 50 м - еркін әдіс және 50 м - баттерфляй сайыстарында қарсыласқа шақ келтірмей, алтыннан алқа тақты.
Дмитрий Ли болса 100 метрде шалқалай жүзу, 200 м - кешенді жүзу, 400 м - кроль әдістерінде үздік шықты. Екатерина Обратнова 100 м - баттерфляй, 200 м - кешенді жүзу, 400 м - кроль әдістерінде алтын медаль иегері атанды. Енді спортшыларымыз әлемге танымал сайыстардың бірі Германия ашық біріншілігінде ел намысын қорғайтын болады.