"Ең алдымен, қаржы орталығы керемет идея екенін айтқым келеді. Себебі осы күнге дейін Орталық Азияда қаржы орталығы болған емес. Дегенмен, оған деген қажеттілік үнемі болды. Әлемнің кез келген түкпіріндегі мемлекет дамуды мақсат етсе, Қаржы орталығын құруы керек деп ойлаймын. Негізінен, қаржы орталықтары аймақтағы ең ірі мемлекеттерде емес, шағын елдерде болады", деді ол. Өз сөзінде Альфред Гузенбауэр Қазақстан географиялық тұрғыда жақсы орналасқанын сәтті пайдаланып, өзін жақсы қырынан көрсете білгенін айтты. "Біз барлық өңір үшін қызмет ұсынушымыз. Сондықтан негіз ретінде жалпыеуропалық құқық енгізу идеясы дұрыс деп ойлаймыз. Бұл қаржы нарығына халықаралық қатысушыларды тартуға мүмкіндік береді. Ал көптеген заңды тұлғалар өздері үйренген ортаға, тұрақты ортаға барғанды жөн санайды. Осы ретті Қазақстанның мүмкіндігі зор деп айта аламын және барлығы сәтті болатынына сенімдімін", деді ол.
Астана экономикалық форумында Австрияның бұрынғы канцлері Альфред Гузенбауэр Орталық Азияда осы күнге дейін қаржы орталығының болмағанын айтты.
Бокстан бас бапкер Азия чемпионатындағы екі нәтижемен келіспейтінін айтты
Бокс • Бүгін, 11:15
Астанаға миллионнан астам турист келді
Туризм • Бүгін, 11:00
Қазақстан рекорды жүзуден үшінші рет жаңарды
Спорт • Бүгін, 10:50
Ел оқушылары халықаралық олимпиадада жүлделі болды
Білім • Бүгін, 10:40
Ұлытау облысында 1,2 млрд теңгеге мектеп салынады
Аймақтар • Бүгін, 10:25
Отандық өндірушілерді қолдау – экономикалық тұрақты өсудің негізі
Экономика • Бүгін, 10:15