Президент • 17 Мамыр, 2018

Елбасы Стив Вознякпен криптовалюталарды дамыту перспективаларын талқылады

76 реткөрсетілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Apple» компаниясының негізін қалаушылардың бірі Стив Вознякпен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.  

Нұрсұлтан Назарбаев Ас­тана экономикалық форумы­на қатысуға келгені үшін С.Воз­някқа ризашылық білдіріп, оның пле­нарлық отырыста сөйлеген сөзі­нің мазмұнды әрі өзекті бол­ғанын айтты.

Қазақстан Президенті эмис­сиялық орталықтар арқы­лы бақыланбайтын криптовалю­та­лардың пайда болу себебі әлемде бір ғана валютаның үстемдік етуіне байланысты екенін айтты. Мемлекет басшысы Қазақстан есеп айырысу кезінде ұлттық валютамен қатар басқа да валюталарды пайдаланатынын атап өтті.

С.Возняк осындай жоғары деңгейдегі іс-шараға қатысуға, жаһандық сын-тегеуріндерге қатысты өз ойын ортаға са­лу­ға мүмкіндік бергені үшін Нұр­сұл­тан Назарбаевқа алғыс білдірді.

– Валюталардың сымсыз бай­ланыстан айырмашылығы, еш­қашан универсалды болған емес. Дей тұрғанмен, крип­то­ва­лю­талардың үлкен артық­шы­лығы олар­дың бақы­лау­ға алынбайтын­ды­ғында, дамуы­ның тежелмей­тін­дігінде және универсалды әрі жа­һандық ва­лютаға айнала­тын­дығында, – деді компания жетекшісі.

Кездесу барысында тарап­тар цифр­ландырудың жекелеген мә­селелерін және криптовалюталарды дамыту перспективаларын талқылады.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Біз - «BIRGE»!

Сайлау • Кеше

Сауаптан құр қалмаңыз

Руханият • Кеше

Игі істердің ұйытқысы

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар