Қазақстан • 22 Мамыр, 2018

Астанада ертең де дауыл болады

477 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктердің хабарлауынша, Астанада 23 мамыр күні солтүстіктен, сотүстік-батыстан күшті жел соғып, екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Астанада ертең де дауыл болады

Ақмола облысында да түнде солтүстіктен, сотүстік-батыстан күшті жел соғады, көптеген аудандарда желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге, екпіні 23-28 м/с-қа жетеді. Ал күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с айналасында болады.

Дауылдың соғу ықтималдылығы - 90-95%.

Еске сала кетейік, бүгін Астанада дауыл соғып, бірнеше адам зардап шеккен болатын.

Табиғаттың тосын мінезі салдарынан Астана әуежайында «Эйр Астана» әуекомпаниясының ішінде 106 адамы бар Шымкент - Астана бағытындағы ұшағы ұшып-қону жолағынан шығып кетті. 

Түркістан көшесіндегі құрылыс алаңында кран құлады, Бейбітшілік және келісім сарайы ғимараты шынылары сынды, Арнасай көшесіндегі 127-тұрғын үйдің, № 24 орта мектептің, Үркер шағын ауданындағы №91 балабақша шатыры көкке ұшты. 

Сондай-ақ дауыл салдарынан «Думан» қонақ үйінің холындағы витражды терезелер шағылды. Тұрғын үйлер мен ғимараттардың сыртқы қаптамалары, соның ішінде кірпіштер көкке ұшты. Жол жиегіндегі бетонды діңгектер құлады. Қаланың әр ауданындағы тұрақтарда көптеген автокөлікке зақым келді.