Оған ҰҚШҰ Бас хатшысы Юрий Хачатуров пен ҰҚШҰ біріккен штабының бастығы генерал-полковник Анатолий Сидоров қатысты.
Отырыс барысында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің қорғаныс ведомствосы басшылары Орталық Азия аймағындағы ұжымдық қауіпсіздікке қатысты сын-қатер мен әскери қауіпсіздікке төнген қауіптерді талқылады. Сондай-ақ Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі шарт ұйымының алдағы жылғы басқару органдары, құрама және құрылымдық күштер жүйесінің бірлескен даярлық жоспарын, 2018 жылдың жартысына, 2019 жылдың бірінші жартысына ішкі саясат, қауіпсіздік пен қорғаныс мәселесі бойынша кеңес беру жоспарын мақұлдады.
Сонымен қатар 2020 жылға дейінгі кезеңге ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің қарулы күштері үшін әскери мамандардың бірлескен даярлығы жүйесін дамыту тұжырымдамасын іске асыру шараларының жоспарын қабылдады. «Отырыста ұйымға мүше мемлекеттердің ұжымдық қауіпсіздігі мен тұрақтылығын нығайтуға қатысты мәселелер қаралды. Ал кезекті отырыс 2018 жылдың екінші жартыжылдығында өтеді», деді еліміздің Қорғаныс министрі.
Ал ҰҚШҰ Бас хатшысы Юрий Хачатуров отырыстан кейін журналистерге берген сұхбатында ҰҚШҰ Қорғаныс министрлерінің кеңесі отырысында қатысушы елдердің Қорғаныс министрлері ҰҚШҰ біріккен штабының бастығы генерал-полковник Анатолий Сидоровтың өкілеттілігін тағы 3 жылға ұзарту туралы ұсынысты қолдады, деп хабарлады. Енді бұл шешімді ҰҚШҰ мүше елдерінің мемлекет басшылары қолдауы қажет.
Венера ТҮГЕЛБАЙ,
«Егемен Қазақстан»